{metadescription}
Әлем біріншілігін аяқтаған алғашқы командалар белгілі болды
Әлем біріншілігін аяқтаған алғашқы командалар белгілі болды

Әлем біріншілігін аяқтаған алғашқы командалар белгілі болды

Кеше А және Б тобындағы құрамалар топтық кезеңдегі соңғы ойындарын өткізді.

Мұхаммед Салах бастап келген Мысыр командасы мундиальда бір де бір ойында жеңіске жетпестен үйлеріне қайтты. Олар тіпті үшінші ойында арабтарға да ұтылды. Ал перғауын елінің жігіттерін соңғы секундта гол салып 2-1 есебімен жеңген саудиялықтар үш ұпайды қанағат тұтты. Бұл топтан 1 де 8-ге жолдама алған Ресей мен Уругвай командалары. Бірінші және екінші орын үшін болған кездесуде оңтүстік америкалық команда чемпионат  қожайындарын тас талқан етті. Есеп 3-0. Ресей құрамасы ойынды он адаммен аяқтады. Сөйтіп Суарес, Кавани бастаған жігіттер тоғыз ұпаймен бірінші, ресей алты ұпаймен екінші болып топтан шықты. Ал Б тобының екі ойыны да тең нәтижемен аяқталды. Әлем чемпиондары Испания Марокканы ұта алмады. Еуропаның мықтыларын сенсациялық жеңілістен құтқарған тоқсаныншы минуттағы Яго Аспастың голы. Есеп 2-2. Португалия да Иранды ұта алмады. Криштиано 11 метрлік нүктеден мүлт кетті. Бұл ойында есеп 1-1. Бұл топта Марокко мен Иран үйлеріне қайтса, Испания мен Португалия төрт ұпаймен келесі айналымға жолдама алды. Енді Испания 1 де 8-де Ресеймен, ал Португалия Уругваймен кездеседі. Айта кетейік, Ресейде өтіп жатқан әлем біріншілігінің жеңімпазы 15 шілдеде белгілі болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.