{metadescription}
Олжас Сүлейменовтың немересі көз жұмған жол апатының видеосы пайда болды
Олжас Сүлейменовтың немересі көз жұмған жол апатының видеосы пайда болды

Олжас Сүлейменовтың немересі көз жұмған жол апатының видеосы пайда болды

Ақынның немересін полицейдің қызы өлтірді! Фейсбук әлеуметтік желісінде осылай деп пост жазған Гүлжан Ерғалиева істі болатын түрі бар. Онда қоғам белсендісі 26 жастағы Ескендір Сүлейменовты көлігімен қаққан жүргізуші мас болғанын және оқиға орнынан қашып кеткенін жазған еді.

Бірақ, Ішкі істер министрлігі мұны жоққа шығарып, жол апаты болған сәттің видеосын жариялады. Мұнда мотоцикл мінген жазушының немересі хюндай көлігімен соғылғаны анық көрінеді. Бірақ, кінәлі жүргізуші ешқайда қашпаған. Машинасынан түсіп, оқиға орнында жүр. Әрі сараптама қорытындысы бойынша 29 жастағы Малика Мұхитова рөлде сау болған. Ол Қызылорда облыстық ішкі істер департментінің бастығы Қайрат Мұхитовтың қызы екенін айта кетейік. Қазір ол 600 мың теңге кепілақымен бостандықта  жүр. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүруде. Әрі полиция полковнигінің қызы жайлы жалған ақпарат таратқаны үшін Гүлжан Ерғалиеваға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.