{metadescription}
Шымкент тұрғыны немересін педофилден құтқарған көршілеріне алғысын айтты
Шымкент тұрғыны немересін педофилден құтқарған көршілеріне алғысын айтты

Шымкент тұрғыны немересін педофилден құтқарған көршілеріне алғысын айтты

Шымкентте баланы жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлемек болған педофил ұсталды! Бүкіл елдің жағасын ұстатқан жағдай 1-ші шілде күні болған. Ер адам подъезге жеткіншекті жетектеп кіріп, бас салғанын сол жерде тұрған бейнекамераға түсіп қалды. Әлсіз ұлға әлімжеттік жасап жатқан кезде көрші әйел кіріп қалып, күдікті қашып құтылған болатын.

Шымкент жұртын үрей мен ашуға тұншықтырған оқиға кеше 18-ші шағын ауданда болған. Ата-әжесінің үйіне қыдырып келіп, аулада ойнап жүрген 11 жасар баланы ересек еркек алдап шақырып, құшақтамақ болады. Бір мәрте одан қашып құтылған бала үйіне кірмекші болған кезде артынан келіп, тарпа бас салады. Кіре берісте баланың аузын жапқан күйі, ұрып-соғып,  шалбарын шешкен. Сөйтіп, зорламаққа әрекеттеніп жатқан кезде көрші әйел кіріп қалыпты. Күдікті сол мезетте тайып тұрған.

Әжесі: 

-Домофонды басып тұрғанда артынан келген  ғой.   Жан дауысы шықты дейді баланың. Айналайын, несін сұрайсың сұмдық қой бұл. Бала бір ауыз сөйлеп, жылай береді.

Бет-жүзін көрсетпеуді өтінген бұл әйел сол баланың әжесі. Сұмдықтан кейін бір күн өтсе де әлі есеңгіреп тұр. Тек, педофилден немересін құтқарып, кейін ұстауға көмектескен көрші-қолаңға алғысы шексіз екенін айтады. Ал, ашуға булыққан көршілері болса полицейлердің сылбырлығына өкпелі.

-Көршілер жиналып, жедел-жәрдем мен полиция шақырдық. Ал, оның денесінде сау-тамтық жоқ. Арқасы, кеудесі мен қол-аяғы жырылған, қанталап тұрды. Полицейлер келмей қойған соң көшедегі патрульге барып айтып едік, бұл біздің ісіміз емес деп жақындатпады. Ал, істі жүргізуі тиіс тергеушілері тек бір жарым сағат дегенде ғана келді. Ол уақытта әлгі азғын қашып кетсе не болар еді?

-Алайда күдікті қашып үлгерген жоқ. Фотосы әп-сәтте әлеуметтік желілерге тараған оны полицейлер бір тәулік өтпей ұстаған. 33 жастағы ол тіпті кінәсін мойындап болған жәйтті погондыларға айтып та беріпті. Бірақ, қамауға алып, сараптамалар тағайындадық деген ішкі істер департаменті әзірге күдікті туралы тұшымды ақпар да таратып жатқан жоқ. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.