{metadescription}
Балқаш көліне туристердің қызықпауына не себеп?
Балқаш көліне туристердің қызықпауына не себеп?

Балқаш көліне туристердің қызықпауына не себеп?

Елдің туристік орталықтарында шарықтаған бағаға адамдардың өзі кінәлі. Балқаш қаласының әкімі қызмет көрсету мен сапасы сәйкес келмесе де туристердің айтқан бағаға келісуінен кәсіпкерлер құтырған деген пікірде. Балқаш металлургтер шаһары атанғанмен, туристік әлеуеті зор. Дегенмен, бұл сала тұралап тұр.Оған не себеп? Демалыс маусымындағы баға қандай болып жатыр.

-Жаз келіп, жағалаудағы жұмыс жанданды. Қазақстандықтар, қазір жан-жаққа жаппай демалуға кетіп жатыр. Бірі шетелге, екіншісі өзіміздің демалыс аймақтарына. Отандық туризмді дамытып жатқан мынадай қарақұрым халықты көргенде бір шетінен қуанасың. Бірақ, қызмет көрсетудегі сапаның жоқтығы, қарапайым ғана мынадай қоқыстың шашылуы қарынды ашырады.

Балығынан гөрі мысының мысы басым Балқаш көлі тоғыз жолдың торабында тоғысқан. Әзірге арнайы ат шалдырып жететін туристердің қарасы көп емес. Көбіне жолай соғады. Болмаса, жақын қалалардың тұрғындары екі күндік демалыста осы жақтан сая табады. Қол қусырып отырған кәсіпкерлер жоқ. Жағалау жыл сайын жаңа демалыс орындарымен толығып жатыр. Мынадай бөлмені бір күнге жалға алудың орташа құны 20 мың теңгенің ар жақ бер жағы. Еуропалық баға болғанмен, әзірге еуропалық стандартқа сай сапаның иісі де жоқ.

Тілеугерей Мақаналин, демалыс аймағының директоры:

-Қазір өздеріңіз білесіздер, экономикалық жағдай қиын. Мысалы, сыртқа беру ол жақта қымбат. Ал, енді сыртқа шықпай өз жерімізде демалуға неге болмасқа? Сондықтан, осындай Балқаш көлінің жағасында тұрғаннан кейін осындай Еуропаның стандартына жауап беретіндей демалыс аймақтарын ашу керек.

Жергілікті әкімдік те тұралаған туризмнің жайынан хабардар. Сапа мен бағаға көңілі толмайтын қонақтардың назынан да құлағдар. Бірақ, кәсіпкерлерді тойындырып, құтыртқан өздері дейді . Сондықтан бағаны «сабасына» түсіру үшін бірінші кезекте инвесторларды тарту керек деген пікірде.

Александр Аглиулин, Балқаш қаласының әкімі:

-Инвесторларды тартып, жайлы қонақ үйлерді көптеп салуымыз керек. Осылайша жергілікті кәсіпкерлердің арасында бәсекелестік пайда болып, баға да төмендейді. Қазір ең болмаса қонақ үйлер сол бағаға дұрыс, ақшасына сай қызмет көрсетсе екен дейміз.

Туроператорлар Балқаш Алакөл мен Ыстықкөлдің көлеңкесінде қалып қойғанын айтады. Бірінші кезекте жол қашықтығы туристердің ынтасын қашырады. Ал, сапа жоқ бола тұра, бағаны шарықтату өз өзіңді ұйыққа батырумен тең дейді.

Артем Чай, туристік агенттіктің директоры:

-Алакөл алматылықтар үшін баға жағынан да тиімді. Балқаштағы демалыс аймақтарының құны Ыстықкөл, Алакөлмен тең болғанмен әзірге бәсекелесе алмайды. Балқаш Астана мен Қарағандының адамдары үшін ғана қызық болуы мүмкін. Адамдар ол жаққа жағажай болғаны үшін ғана демалыс күндері барады.

Балқаштағы туризмнің аяқ алысын мамандар осылай бағалап отыр. Дей тұрғанмен, жергілікті кәсіпкерлер жақын жылдары қызмет көрсетуді жөндесе, қонақтардың өзі ағылатынына сенімді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде