{metadescription}
Петропавлда жоғалған баланың өлі  денесі табылды
Петропавлда жоғалған баланың өлі  денесі табылды

Петропавлда жоғалған баланың өлі денесі табылды

Ол үйіне жақын маңнан өтетін Есіл өзеніне ағып кеткен екен.

6 жасап Андрей Дорошенконың бұдан бұрын да екі рет үйінен кетіп қалып, артынан табылғанын кешегі хабарымызда айтқан едік. Осы жолы да солай екен деп бейқам отырған анасына бүгін қаралы хабар жеткен. Баланың мүрдесін төтенше жағдай қызметкерлері мен тәртіп сақшылары тауыпты. Теріскейде соңғы күндері ғана күн жылып, жұрт суға түсуге  ағылған еді. Бала да рұқсат етілмеген жерде шомылып жүріп, ағып кеткен болуы мүмкін.

Нұрбек Баекин, СҚО ІІД баспасөз қызметінің бас маманы:

 -Бала суға ағып кетті ма, алде оны біреу тұншықтырды ма оны дөп басып айту қиын. Қазіргі уақытта баланың денесі сот медициналық сараптамасына  жіберілді. Кейін қайтыс болу себептері белгілі болады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.