{metadescription}
Назарбаев Астананың туған күнін тойлауды ресми түрде бастап берді
Назарбаев Астананың туған күнін тойлауды ресми түрде бастап берді

Назарбаев Астананың туған күнін тойлауды ресми түрде бастап берді

Арқа төсінде дүбірлі той басталды! Елорданың кезекті мерейлі  жасын атап өтуді  бүгін президент Нұрсұлтан Назарбаев ресми түрде бастап берді. Сондықтан бүгін Астана аспаны ән-мен күйге бөленіп, мерекелік көңіл күйдің лебі  есіп тұр. Тіпті 6-шілдеге жоспарланған ауқымды шараларды өз көзімен көру үшін бас қалаға ел ішінен ғана емес, шетелден де қонақтар ағылып келіп жатыр.

Астанаға биыл 20 жыл. Осы уақыт ішінде бас қаланың туған күнін тойлаудың өзіндік дәстүрі қалыптасып үлгерді. Мәселен, алдымен еліміздің көк  байрағы көкке көтеріледі. Астаналықтар биыл да бұл дәстүрден жаңылған жоқ. Елбасы пәрменінен соң, ту әнұранның әуенімен тұғырына қонды. Бұл Елорда күнін тойлауды бастауы іспетті. Кейін президент Елорданың қу тақыр жерден  қалай бой көтергенін айтып, өткенді еске алды.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

-Сол 20 жылдың ішінде  Астана бүкіл Қазақстанымызды паш еткен, неше түрлі халықаралық ұйымдардың жиыны өтетін жер болды. Барлығы құрметтейтін, өзіміздің қуанышымыз болап саналатын Астанамызға мінекей 20 жыл болды. Елордамыздың мерей тойымын барлықтарыңызды шын жүректен құттықтаймын.

Бұдан соң Назарбаев жоғарғы бас қолбасшы ретінде, әскери оқу орындарын үздік бітірген түлектерге лейтенант шенін табыс етті. Алғашқы «жұлдызды» иеленген қыз- жігіттердің қуанышында шек жоқ. Өйткені тұңғыш шендерін президенттің  қолынан алып отыр.  Шен табыстап, Астана күнін тойлауды ресми бастап берген соң, президент бір сәтке де дамыл тапқан жоқ.  Жаңадан бой көтерген паралимпиадашыларды жаттықтыратын орталыққа барды. Заманауи  нысанды ашқан  Елбасы Кореядағы  паралимпиадада алтын алған Александр Колядинге су жаңа мотоциклдің кілтін табыстады.

Орталықтан шыққан соң, Елбасы тарихқа тахзым етуді де ұмытқан жоқ. Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметованың ескерткішіне келіп, гүл қойды.

Осы кезде астаналықтар да қаланы аралап,жаппай қыдырып жүрді. Барлығында мерекелік көңіл күй. Бір жерде әртістер ән айтып, думандатып жатса, екінші жерде сахна енді құрылып жатыр. Жалпы, алдағы күндері жүздеген меркелік шара жоспарланған. Концерт, ұлттық ойындар, халықаралық жайдарман және өзге түрлі байқаулар. Олардың ауқымдылығы сонша, алыс-жақын шетелдерден қызығушылық танытқан туристер де келіп жатыр. Ал, көптің көңілі әсіресе Қазақ елі монументіне ауып жүр.

-Өйткені осында басты мерекелік концерт өтеді. Жарқыраған алып сахна қазір бос тұрғанымен, шілденің 6-сы күні мұнда нағыз шоу болады. Отандық қана емес, шетелдің де жарық жұлдыздары ән салып, астаналықтар мен қала қонақтарының көңілін көтермек.

Шілденің алтысында ауа райы да қолайлы болғалы тұр. Ал, қауіпсіздікті үш жарым мыңнан астам полицей мен Ұлттық ұланның мыңнан астам сарбазы  қадағаламақ. Құтқару қызметтері де сақадай сай отыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.