{metadescription}
Ресейлік турфирманың жабылуы Қазақстан азаматтарын да шығынға батырды
Ресейлік турфирманың жабылуы Қазақстан азаматтарын да шығынға батырды

Ресейлік турфирманың жабылуы Қазақстан азаматтарын да шығынға батырды

Ақшаларын соттасып қайтарады. Аяқасты жабылып қалған ресейлік «Натали турс» компаниясының клиенттері үшін одан басқа амал жоқ.

Ресейлік компания 4-ші шілде мен 30-шы қыркүйек аралығына жоспарланып сатылған барлық туристік сапарлардың жойылғанын мәлімдеген болатын. Ал осы компаниядан туристік жолдама алып, шетелде демалып жатқан 33 адамға еш залал келмейді. Олар енді «Туристік қамқор» қорының бақылауына өтеді. Сондай-ақ, ақшасын төлеп, туркодын алып қойған екі адам саяхаттан бас тартыпты. Ол екеуі 8-ші шілде күні Киевке ұшуы керек болған. Олар енді шығындарын «Натали турстан» сот арқылы қайтарып алмақ. Олардан бөлек, ақшасын төлеп, бірақ әлі туркодын алмаған туристердің саны белгісіз. Олардың бәрі ақшасын өндіру үшін сотқа ғана жүгіне алады.

Абай Қожамжаров, Туризм индустриясы комитетінің басқарма басшысы:

-Біз мемлекеттік орган болғандықтан, оларға үстінен бұйрық бере алмаймыз. Бірақ, әр турист мемлекеттің азаматы болғандықтан, келісімшартқа сәйкес олардың өздерінің құқықтары жазылған. Сол құқықтарын сотта қорғауға мүмкіндігі бар.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде