{metadescription}
БҚО жұрты аспаннан  құлаған металл сынықтарының келтірген зардабы туралы айтты
БҚО жұрты аспаннан  құлаған металл сынықтарының келтірген зардабы туралы айтты

БҚО жұрты аспаннан құлаған металл сынықтарының келтірген зардабы туралы айтты

Батыс Қазақстан облысында аспаннан беймәлім зат құлады. Жерге қарай түн ішінде құлдилаған жарық шарға бірнеше елдімекен жұрты куә болып, әбден дүрлігіп қалған.

Отты зат Қазталов ауданы аумағына түсіпті. Оның құлағандағы даусы қатты болғаны соншалық, тұрғындардың құлақтары тұнып қала жаздаған. Беймәлім шар тоқтаған жерін өртке орап, 95 гектар аумақ күлге айналды. Әйтеуір, төтенше оқиға ауылдардан алыста болып, адам баласы зардап шекпеген. Ені де, биіктігі де 3 метр болатын металл бөлшегі кәдімгі люкке ұқсайды. Куәгерлер оны бастапқыда метеорит деп ойлағандарын жасырмады.  Десе де, көктен түскен нысанның нақты не екенін сол жерде жұмыс істеп жатқан мамандар анықтамақ. Ол құлаған соң, ауданда 1 сағат бойы байланыс үзіліпті. Әрі 1 шақырым қашықтықтан белгісіз шардың сынықтары табылған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

10 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.