Әлемдегі алпауыт компаниялар құнды қағаздарын енді Қазақстанда да  саудалай алады. Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын ресми түрде  ашты. Қазірдің өзінде орталыққа    шетелдік  компаниялардың алды  тіркеліп  үлгерді.  Жыл соңына дейін олардың саны екі есе ұлғаймақшы.
Назарбаев «Астана» қаржы орталығының тиімді тұстарын атады
Назарбаев «Астана» қаржы орталығының тиімді тұстарын атады

Назарбаев «Астана» қаржы орталығының тиімді тұстарын атады

Әлемдегі алпауыт компаниялар құнды қағаздарын енді Қазақстанда да  саудалай алады. Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын ресми түрде  ашты. Қазірдің өзінде орталыққа    шетелдік  компаниялардың алды  тіркеліп  үлгерді.  Жыл соңына дейін олардың саны екі есе ұлғаймақшы.  Ал орталыққа кірген кәсіпкерлерге салық пен виза жеңілдіктері жасалған.

- «Астана» халықаралық қаржы орталығының ашылуына келген адамның қарасы көп. Қазір мұнда екі мыңға жуық қонақ жүр. Әрқайсысы құнды қағаз, қор биржасы, банк ісінен хабары бар мамандар.

Яғни, бұл жиынды әлемге әйгілі банкир, қаржыгер мен бизнесмендердің кездесуі деуге болады. Өйткені «Астана» халықаралық қаржы орталығында көрсетілетін  қызмет ірі компанияларды көбірек  қызықтырады. Мұнда миллиондар айналымға түседі, құнды қағаздар саудаға салынады. Президент Елордадағы ең ірі жобаның тұсауын кесуге Әбу Дабидің мұрагер ханзадасы Мұхаммед бин Зайд Әл Нахайянды ертіп келді. Нұрсұлтан Назарбаев орталықтың жұмысын өзі ашып берді.

Негізі, «Астана» қаржы орталығы қаңтарда іске кіріскен. Оған бүгінде 55 шетелдік компанияның өкілдері тіркеліп үлгерді. Бұған қоса,  биржада 34 миллиард доллардан асатын активімен 14 брокер бар. Ал жыл соңына дейін компаниялардың саны 100-ге жетеді деп күтілуде.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының  Президенті:

-Пользуясь случаем, хочу пригласить иностранный и отечественный бизнес участвовать в работе международного финансового центра "Астана". Я искреннее благодарен всем присутствующим здесь партнёрам за активную поддержку и участие в нашем проекте. Надеюсь, что взаимовыгодное сотрудничество будет только укрепляться. Астана должна стать главным финансовым хабом региона, а в перспективе войти в число ведущих финансовых центров Азии.

Енді «Астана»  қаржы орталығындағы  шетелдік компанияларға жасалған  жеңілдіктерге тоқталайық. Орталыққа тіркелген мекеме 50 жылға салықтан босатылады. Виза да жеңілдетілген.  Іс-қағаз тек ағылшын тілінде жүреді. Ал қатысушы  қай валютада сауда жасаса да өзі біледі. Орталықтың стратегиялық серіктестері Шанхай қор биржасы мен американдық Nasdaq қор биржасы. 

Ариэль Коэн, Атлантикалық кеңестің аға сарапшысы:

-Бұл аймақта құнды қағаз шығаратын, оны саудаға салатын  және қаржылық дау-дамайды шешетін орын жоқ. Сондықтан «Астана» қаржы оталығы орынды ашылған. Оның үстіне  Қазақстанның  тәжірибесі мол. Астанада Сирия, Иран мәселесі шешілуде. Яғни, ағылшын құқығына сүйеніп, экономикалық келіспеушіліктерді де әділ қарауға мүмкіндіктеріңіз бар.

Инвесторлар мен кәсіпкерлердің құқығын қаржы орталығының жанынан құрылған тәуелсіз сот қорғайды. Әлемге әйгілі 9 судья коммерциялық және азаматтық дауларды  ағылшын құқығына сүйене отырып шешеді. Бұл жерден қарапайым халық та ақшасын салып жинағын еселей алады.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

-Қорлардың жұмысына қатысып, өзінің кішігірім жиынтықтары болса жай ғана жастықтың астына салмай, тықпай шкафтарға барлығын дұрыс қолдануға болады. Оған  осындай қаржы орталықтары көмектеседі. Және де шағын бизнес биржаға кіріп, ақша табуға болады, акция, облигацияға салуға болады ғой.

Сонымен қатар, «Астана» қаржы орталығында «Қазатомөнеркәсібі», «Эйр Астана» сынды ұлттық компаниялардың акциялары IPO-ға шығарылады. Ел азаматтарының осы аукционға да қатысуына мүмкіндік бар. Айта кету керек, Қытайдың  «Жібек жолы»  қоры  елімізге 2 миллиард доллар инвестиция құймақ. Осылайша, аталған елге шетелдік инвестиция тартуда маңызды рөд атқаратын болады.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...