{metadescription}
Ақтөбе облысында полицейлер ұрлық жасады деген күдікке ілінді
Ақтөбе облысында полицейлер ұрлық жасады деген күдікке ілінді

Ақтөбе облысында полицейлер ұрлық жасады деген күдікке ілінді

Ақтөбе облысында учаскелік полицейлердің басы дауға қалды. Бадамша ауылында мемлекеттік бағдарлама бойынша салынып жатқан үй маңынан құрылыс материалдарын қызметтік көлікке тиегендерін біреу видеоға түсіріп алған. Роликте куәгердің тәртіп сақшылары ұрлығының үстінен түскені айтылады.

Әлеуметтік желі арқылы тараған роликте тәртіп  сақшылары Нива көлігіне жылу ұстайтын материалдарды тиеп жатыр. Жандарында құрылыс учаскесінің бастығы жүр. Ұры-қарыны ұстауға міндетті инспекторлардың бұл қылығына қатысты ішкі істер департаменті қызметтік тексеру жүргізген. Олар әріптестерін ақтап отыр. Айтуларынша, учаскелік инспекторлар оқу-жаттығу жұмыстарына құрылыс материалдарын уақытша сұрап алған. Кейін пайдаланып болған соң қайтарып беріпті. Ол туралы құрылыс компаниясы басшыларынан түсініктеме де жаздырып алдық деп отыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.