{metadescription}
Бекшин интернет арқылы сатылатын астан сақ болуға кеңес берді
Бекшин интернет арқылы сатылатын астан сақ болуға кеңес берді

Бекшин интернет арқылы сатылатын астан сақ болуға кеңес берді

Әлеуметтік желілер арқылы  сатылатын астан абай болыңыз! Еліміздің Бас санитары ғаламтордағы жарнамасы көздің жауын алатын түрлі тағамдарға мүлдем жоламауға шақырып отыр.  Жандарбек Бекшиннің айтуынша, оны тұтынған адам ауру жұқтыруы әбден мүмкін.

Жандарбек Бекшиннің айтып отырғаны,  әлеуметтік желілерде  сатылатын мынадай тағамдар. Интернетті ашсаңыз, котлет, түшпара, мантының піскені  және жартылай дайыны, тәтті мен  салаттардың сан түрі самсап тұр.  Таңдайсыз да, ақысын төлесеңіз болғаны. Тапсырысты  қалаған жеріңізге жылдам жеткізіп береді. Бірақ, бұл тамақты кімнің қалай әзірленгені беймәлім. Құрамындағы қоспаларды  көрсет деп, талап етіп  жатқан да ешім жоқ. Ал еліміздің бас санитар дәрігері: «дәл осындай астан абай болыңыз» деп отыр.

Жандарбек Бекшин, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы:

-Инстаграм дейміз, чат дейміз осы арқылы үйге тамақтар әкеледі.  Әрине, көп адамда тамақ  дайындауға мүмкіндік жоқ шығар. Дайындаған өнімді, әрине, сақтау керек.  Тоңазытқыштары жоқ.  Кездейсоқ адамдардан ешқашан да тамақ алуға болмайды.

Бұл бизнеске көбіне үйде отырған келіншектер икемді. Балаларының қасында отырып, қолынан келген асты әзірлеп, жұртқа сатады. Асханаға арнайы ғимарат жалдауды ауырсынып  бұл кәсіппен әдейі үйде айналысып жүргендер де бар. Сауда орталықтарының жанында, көше бойындағы  дүңгіршекте, көлікпен келіп айран, сүт, қымыз, құрт, қаймақ сатып тұрғандарға да  мүлдем жоламаңыздар. Күннің ыстығында сағаттап далада тұрған  тағамнан  адам ауру табады дейді дәрігер. Қазір тойдың  маусымы болғандықтан, Бекшин мейрамханаларға да ерекше тоқталды.

Жандарбек Бекшин, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы:

-Залды қараймыз, зал әсем, жақсы. Ал ас үй жаққа бармаймыз.  Тіпті аспазшының киіміне қарау керек.  Тойхананы іздеген кезде, таңдаған кезде, ең біріншіден сол ас үйді қарау керек. Ыдыс жуатын жерді қарау керек, дәретханасын қарау керек. Сосын ғана залды қарау керек.

Себебі, тойдан қайтқан соң жаппай уланып, ауруханаға түсетін  қонақтар көп. Мейрамханалардағы асханада  тазалықтың жоқтықтығынан жұрт ішек инфекциясын жұқтырады.

-Сондай-ақ, бас санитар дәрігер келесі айда қажылыққа аттанғалы отырған жамағатқа да ескерту жасады. Биыл Сауд Арабиясы Меккеге келетіндер міндетті түрде менингитке қарсы вакцина салдырсын деген талап қойып отыр екен. Ал  мұсылмандық парызын өтеуге ниет еткендер бұл ауруға қарсы екепіні ақылы түрде салдыруы тиіс. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.