Үш қызметкері ажал құшқан Алматы облысы Шелек ауылындағы ауруханада тағы да шу шықты. Бұл жолы жұмысшылар ендігі қасірет құдықтан емес, жанармайды сақтайтын қоймадан шыға ма деп қауіптенеді. Өйткені осыған дейін жедел-жәрдем көлігіне құйылатын бензинді канистрада сақтап, ешқандай техникалық талап...
Атышулы Шелек ауруханасында тағы жанжал шықты
Атышулы Шелек ауруханасында тағы жанжал шықты

Атышулы Шелек ауруханасында тағы жанжал шықты

Үш қызметкері ажал құшқан Алматы облысы Шелек ауылындағы ауруханада тағы да шу шықты. Бұл жолы жұмысшылар ендігі қасірет құдықтан емес, жанармайды сақтайтын қоймадан шыға ма деп қауіптенеді. Өйткені осыған дейін жедел-жәрдем көлігіне құйылатын бензинді канистрада сақтап, ешқандай техникалық талап сақталмаған жерде құйып келген. Сонымен қатар, орталық ауруханадан не көмек, не дәрі ала алмай жүрген науқастар да бүгін жанайқайларын жайып салды. Бірақ, бас дәрігер олардың базыналарын құлағына да ілген жоқ.

Бұл видео  тоқырау жылдарын еске салатындай. Жедел-жәрдем көліктерінің бензин алатын күнделікті бекеті аурухана аумағындағы осы ескі қойма. Техникалық талап деген атымен жоқ. Басшылықтың бұйырығына бағынудан қажыған жүргізушілер шындықты айтуға енді қорықпаймыз дейді.

Бақытжан Беков, жедел-жәрдем көлігінің жүргізушісі:

ағы басқа адамдар зардап шекпесін деп  өзім түсірдім. Кейін балама айтып  ютубқа шығарттым. Себебі біреудің өртеніп өлмеуіне кім кепіл?

Былықты әшкерелеген видеоның тарауы сол-ақ екен аурухана басшылығы қойманы бір-ақ түнде тып-типыл тазалап, құлыптап тастаған. Жағдайды түсіндірі ме деген бас дәрігер Жақып Желеуовтің амандығы микрафонға бас салудан басталды. Желеуов бір жауаптан жалтарам дегенмен, өкпелері қара қазандай жұртшылық қанша жылдан бері қағажу көргізді деген аурухана бассыздығын бас дәрігердің бетіне басты. Бірі аурухананың тиісті дәрісін бермей тарығып, дәріханаларға сандалтып титықтандарынан зәрезәп болса, екіншілері ауырып келген науқасты қабылдамай қайтарып жүретіндерінен қорлық көрген.

- Бауырында рак бар. Ешкім ештеңе бермейді. Көмектесіңіздерші.

Шелектегі аурухананың жыры мұнымен бітпейді. Көптен жөндеу көрмеген мекеменің сырты бүтін болғанмен, іші түтін. Лифт істемейді. Дәлізде жыртылған орындық. Сөгілген қабырға. Шұрық еден. Шелектегі жағдайдан облыстық әкімдік те хабардар.

Ғалымұрат Жүкел, Алматы облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы:

-Қазіргі таңда облыс әкімдігі тарапынан аталған аурухананың күрделі жөндеу жұмыстарына тиісті құрылыс құжаттарының бәрі дайын. Нысанға денсаулық сақтау министрлігінің орынбасары өзі барып мән жаймен танысып, біліп қайтты.

Кірпіші өткен ғасырдың 70 ші жылдары қаланған бұл аурухананың күрделі жөндеу көрмегеніне көп болған. Ішін түгендеп, сыртын бүтіндеуге орташа 654 млн теңге қаражат қажет екен. Осы соманы аурухана басщылығы былтыр қыркүйекте денсаулық сақтау министрлігінен сұраған. Бірақ әзірге бөлінген қаржы жоқ, сол себепті қолдан келер шара жоқ деп қарап отыр. Сондықтан жуық арада шырылдаған шелектіктердің мәселесі шешіледі деп айту қиын.

Кеше9

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...