{metadescription}
Қарағанды облысында бір топ жас жігіт мінген көлік апатқа ұшырады
Қарағанды облысында бір топ жас жігіт мінген көлік апатқа ұшырады

Қарағанды облысында бір топ жас жігіт мінген көлік апатқа ұшырады

 

Ал Қарағанды облысында жеңіл көлік пен Камаз соқтығысып, екі адам ажал құшты. Алдын ала мәліметтер бойынша, ішінде кілең жас жігіттер отырған Volkswagen Golf қарама-қарсы бағытқа қарай шығып кеткен. Жеңіл көліктің 21 жастағы жүргізушісі сол арада қаза тапты. Ал оның жанында отырған 17 жастағы жігіт ауруханада жан тапсырды. Осы көлікте болған 21 және 17 жастағы тағы екі жолаушы аса ауыр жағдайда ауруханада жатыр.

Қайғылы оқиға Қарағанды-Шахтинск тас жолында болды. Мәліметтерге қарағанда, ішінде төрт жігіт отырған Volkswagen алдындағы көлікті басып озбақ боп, қарама-қарсы бағытқа шыққан. Алайда, алдынан Камаз кезіккен. Сөйтіп, екеуі оңбай соқтығысқан. Жүк көлігінің жүргізушісі дін аман.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.