{metadescription}
Үлкен жанжалдан соң Шелектің бас дәрігері қызметінен кетті
Үлкен жанжалдан соң Шелектің бас дәрігері қызметінен кетті

Үлкен жанжалдан соң Шелектің бас дәрігері қызметінен кетті

Басынан дау арылмаған Алматы облысындағы Шелек ауылы ауруханасының бас дәрігері қызметінен кетті. Жақып Желеуов өз еркімен жұмыстан шығу туралы арыз жазған.

Алматы облыстық әкімдігі арызға бүгін таңертен қол қойды. Жиырма жылға жуық бас дәрігер лауазымынан түспеген Жақып Желеуовтің зейнетке шығуына санаулы ай ғана қалған. Еңбек демалысына ертерек кетуіне соңғы аптадағы жағдай тікелей түрткі болғандай. Айта кетейік, екінші шілде күні аурухана аумағындағы құдыққа түскен екі сантехник пен бір дәрігер газдан уланып, тілге келмей ажал құшты. Осы жағдайдан кейін ауыл тұрғындары мен медициналық мекеменің қызметкерлері аурухандағы бар былықты жайып салып, бас дәрігер Жақып Желеуовті орнынан кетуін талап еткен еді. Ал 3 қызметкердің өліміне қатысты тергеу әлі жүріп жатыр.  Сондықтан Желеуов жұмыстан кетсе де, кінәсі дәлелденген жағдайда жазадан құтылмайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде