{metadescription}
Ақмола облысында қызметкерін балағаттаған басшы видеоға түсіп қалды
Ақмола облысында қызметкерін балағаттаған басшы видеоға түсіп қалды

Ақмола облысында қызметкерін балағаттаған басшы видеоға түсіп қалды

Әдеп сақтамағаны үшін қызметінен қуылады. Ақмола облысы тәртіптік кеңесі Сандықтау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысын қызметіне лайық емес деп тапты. Мәдина Дүйсенбаеваның мәселесін май шаммен қарауға қарамағындағылардың шағымы себеп болған. Оның адуынды мінезіне шыдамаған қызметкерлер құзырлы орындарға өз дәлелдерін алып келіпті.

Осылай балағаттаған басшының бұл әрекеті – қызметкерлерінің көрген құқайларының бірі ғана екен. Айтуларынша, қолына берген құжатты бетке лақтыру, болмаса аяғымен таптау, намыстарына тиетін сөз айту – аудан мәдениетін басқарған басшыға тән қылықтар. Тіпті аудан әкімінің орынбасарына дейін тіл тигізген болып шықты. Әдеп кеңесінің мүшелері  Мәдина Дүйсенбаеваның бұл бассыздығына қарап, бірауыздан  қызметінен кетіру керек деп шешті. Ал, кеңес отырысына қатысқан бөлім басшысы бұның бәрін жала деп отыр.

Мәдинә Дүйсенбаева, Сандықтау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы:

-Анау үн таспадағы мен емес.Маған оның мүлдем қатысы жоқ.Мен ешкімге ешқашан жаман сөз айтқан емеспін!Оны әлі дәлелдеу керек! 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

22 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.