{metadescription}
Назарбаев дандайсыған банктерді тағы  сабасына түсірді
Назарбаев дандайсыған банктерді тағы  сабасына түсірді

Назарбаев дандайсыған банктерді тағы сабасына түсірді

Азаматтардың банктердегі ақшасын көздің қарашығындай қорға! Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасына салымшылардың тірнектеп жиған қаржысын алаяқ акционерлерден қорғауды тапсырды. Бүгін президент Ақордада Данияр Ақышевты қабылдаған болатын. Елбасы теңгенің тағдырына қатысты да пікір білдірді.

Еліміздегі екінші деңгейлі банктердің есіргені соншалық, Үкіметке банк туралы заңды қатаңдатып, қайта жазып шығуға тура келді. Өйткені, соңғы кезде азын-аулақ ақшамен кім көрінген банк ашуға көшті. Оған Ұлттық банктің өзі рұқсат беретін. Сөйтіп, олар жарнамамен аңқау елді алдап, клиент жинайды. Алаяқ акционерлердің әріқарайғы құйтырқы әрекеті президентке де жақсы  мәлім.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Потом начинает уговаривать, бегает по улицам, по остановкам: «Мы даем огромные проценты, вложите нам». Люди верят и идут туда. Потом акционеры воруют эти деньги или раздают своим. Это полное безобразие в банковской системе, было в этом деле. И я считаю, что нормальный банк никогда не даст не состоятельным получателям. А у нас что получилось? Сами акционеры, заведомо зная, что не вернется,  давали своим и, в общем - то откатывали деньги и воровали.

Мысалы, жуырда ғана салымшыларын шулатып қойған «Астана» банкін алайық. Қаншама адам өз қолымен депозитке  салған ақшасын және  жалақысын  даулап, әбден күйінді. Сондықтан Назарбаев Данияр Ақышевқа бұдан былай салымшылардың шотын қатаң қорғауға  пәрмен берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Жестко должно быть. Нам не нужно огромное количество  банков. Люди идут в эти банки, считая, что государственная система, а на самом деле мошенники, обманывая, как БТА банк разворовали 6-7 миллиардов долларов. До сих пор вос. Поэтому я от тебя требую не должно допускаться безобразия.

Бірақ Үкімет сонда да екінші деңгейлі банктерге қамқорлығын қойған емес. Бюджеттен банк жүйесін дамытуға үш триллион теңге бөлініпті. Бұл ақша қаржы ұйымдарын дамытуға, қайтарылмай қалған несиені жабуға жұмсалады.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

-Біз «Дельта», «Қазинвест»  банктерінің  лицензиясын қайтарып алдық. «Қазком», «РБК» банкін сауықтырдық. 1,5 триллиондай проблемалық несиелерді жаптық. Ал қалған банктер экономикаға бір жылда 1 триллион теңгеден астам несие берді.

Енді Назарбаев мемлекеттен ерекше қолдау көрген банктер шағын және орта бизнеске несие таратсын деген  талап қойып  отыр. Ал жалпы, еліміздегі  қаржы саласы тұрақты дамып келеді. Бірінші жартыжылдықта ел экономикасы 4 пайызға өскен.

-Және соңғы үш жылда инфляция деңгейі бірінші рет 5,9 пайызға түсіпті. Ұлттық банк  2020 жылға қарай оны 4 пайызға жеткізуді  жоспарлап отыр. Президент теңгенің тағдырына да аса алаңдаудың қажеті жоқ деді. Ұлттық валюта бағамы түрлі себептерге байланысты   аздап құбылуы мүмікін. Бірақ үлкен қауіп жоқ екен.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде