{metadescription}
Ресейде қазақтардың құрылтайы өтпек
Ресейде қазақтардың құрылтайы өтпек

Ресейде қазақтардың құрылтайы өтпек

Қазақтартың ынтымағын арттырар жиын! Ресейде Түмен облысы қазақтарының кезекті құрылтайы өтті. Жылда ұйымдастырылатын бұл шара бүгінде сол елде өмір сүріп жатқан қандастарымыз асыға күтер шараға айналған.

Түмен қазақтары гимнді қолдарын жүрек тұсқа қойып, ұйып тыңдады. Құрылтайға әдейі шақырылған солтүікқазақстандық делегация теріскейдің біраз өнерпаз жастарын әкелген екен. Олардан ресейлік  әншілер де кенде қалған жоқ. Домбыраның құлағында ойнап, қазақ әндерін әуелетті. Балуандар белдесіп, жастар алтыбақан тепті. Қазір Ресейде 700 мыңнан астам қандасымыз тұрады. Олардың жастары өз ата бабаларының тілі мен әдет ғұрпын ұмытпауы үшін осымен 22 жыл қатарынан  осындай құрылтай ұйымдасытырылып келеді. Дәстүрлі жиынға келген делегаттар өзге елде тұрсақ да бабамыздан қалған әдет ғұрыпты тарихи отанымыздағылардан артық сақтаймыз дейді.

Райса Сұрағанова, құрылтайға қатысушы: 

-Бізде ешқандай өзгеріс не жоқ, бәрі  бірдей.  Сен орыссың,  сен қазақсың деп осы жаққа келгелі бір адам бір сөз айтып көрген жоқ. Бәрі  өзіміздің туыстар сияқты. Тып-тыныш.

Кеше

15 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде