{metadescription}
Аппараттың көмегімен жатыр! Алматыда 5 жасар баланы қағып кеткен жүргізуші табылар емес.
Аппараттың көмегімен жатыр! Алматыда 5 жасар баланы қағып кеткен жүргізуші табылар емес.

Аппараттың көмегімен жатыр! Алматыда 5 жасар баланы қағып кеткен жүргізуші табылар емес.

Алматыда шалажансар күйі кілемге оралып, ағаштардың арасынан табылған 5 жасар бала ауруханада өлім аузында жатыр. Дәрігерлер қатты соққыдан бас сүйегі зақымданған бүлдіршінге операция жасағанымен, ол әлі есін жимаған. Ал, баланы қағып, ізін суытқан жүргізушіні полиция қызметкерлері іздестіріп жатыр.

Қалың ағаштардың арасынан кілемге оралған күйі табылған 5 жасар Дінмұхамедтің өмірі қазір қыл үстінде. Дәрігерлер бүлдіршінді аман алып қалу үшін тиісті көмек көрсетіп жатыр. Алайда, қатты соққыдан бас сүйегі зақымданған оның беті бері қарар емес.

Дінмұхаммед Рузуддинов, Алматы қаласы балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы бас дәрігерінің орынбасары:

-Баланың жағдайы өте нашар. Бас миы соғылғаннан кейін ісік пайда болады. Ісігі бар. Әлі ақпаратта. Бірақ ем қабылдап жатыр.

Еске салсақ, Алматыдағы шығыс айналма жолында жоғарғы жылдамдықпен жүйткіп келе жатқан белгісіз көлік жолға шығып кеткен баланы қағып кеткен еді. Артынша, жүргізуші өлім аузында жатқан бүлдіршінді кілемге орап, жол жиегіндегі ағаштардың арасына тастап кеткен. Дінмұхамедттің туыстары көлік иесінің әрекетін нағыз айуандыққа теңейді. Сондықтан кінәліні қатаң жазалау керек дейді.

Кәрім Падалов, баланың туысы:

-Адамдар иттерін де бұлай тастап кетпейді. Тас жүрек жүргізуші екен. Ол баланың өлгенін тілемесе, мұндай әрекетке бармас еді. Темір тұлпарды тізгіндеген адам табылса, оған тиісті жаза беру керек.

Қазір полиция қызметкерлері күдіктіні іздестіріп жатыр. Олар оқиға болған жердегі бейнебақылау камерасы арқылы жүргізушінің кім екенін анықтауда.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде