{metadescription}
Көкшетауда өрт екі адамның өмірін жалмады
Көкшетауда өрт екі адамның өмірін жалмады

Көкшетауда өрт екі адамның өмірін жалмады

Екі адамның өмірін өрт жалмады! Қайғылы оқиға Көкшетаудағы саяжайлардың бірінде болған. Түнгі 12-де тұтанған қызыл жалыннан оларды құтқару мүмкін болмапты.

Екі жылдай қараусыз қалған саяжайдағы баспанадан тұтанған отты көршілері байқап, құтқарушыларға хабар берген. Өрт сөндірушілер келгенше, аптап ыстықта кеуіп тұрған тақтайлар лапылдап жанып, үйдің төбесі ортасына түсіпті. Тілсіз жауды ауыздықтаған соң өрт сөндірушілер 37 және 54 жастағы екі адамның мүрдесін тауып алған. Олар түтінге тұншығып қалған болуы мүмкін. Себебі, біреуі  оянып, есікке еңбектеп келгенімен шыға алмаған.

Марқұмдардың иесіз ғимаратқа не үшін келіп, түнегені әзірге белгісіз.

Денис Шелкоплясов, Ақмола облыстық ТЖД басқарма бастығы:

-Екеуі де үй-күйсіз жүргендер тізімінде жоқ. Біреуінің кім екені анықталды. Туысқандарымен ренжісіп, кетіп қалыпты. Екіншісінің туыстарын іздеп жатырмыз. Оқиғаның нақты себеп-салдары сараптамадан кейін белгілі болады.   

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.