САРҒАЛДАҚТЫҢ СОРЫСолтүстік Қазақстан облысы Якорь елді мекеніндегі сиырлар жатаған сарғалдақ деген өсімдіктен уланған. Осыдан аз бұрын ауылда ондаған ірі қара мен отыздан астам ұсақ малдың ауырғанын айтқан едік. Жем-шөп пен сырқат малдың қанын тексерген мамандар бұл жағдайға  ауыл сыртында...
СҚО-да сиырлардың неден қырылғаны белгілі болды
СҚО-да сиырлардың неден қырылғаны белгілі болды

СҚО-да сиырлардың неден қырылғаны белгілі болды

САРҒАЛДАҚТЫҢ СОРЫ

Солтүстік Қазақстан облысы Якорь елді мекеніндегі сиырлар жатаған сарғалдақ деген өсімдіктен уланған. Осыдан аз бұрын ауылда ондаған ірі қара мен отыздан астам ұсақ малдың ауырғанын айтқан едік. Жем-шөп пен сырқат малдың қанын тексерген мамандар бұл жағдайға  ауыл сыртында өсетін  сары гүлді өсімдік кінәлі деп тауыпты.

Мамандар түрлі сынамалар жасай келе, ірі қаралардан ешқандай жұқпалы дерттің қоздырғышын анықтамаған. Ауырған төрт тұяқтылар жатаған сарғалдақ деп аталатын өсімдік жепті. Оның бір ерекшелігі гүл сыз тартқан жерде өссе,  оның сабағында улы зат түзіледі екен. Әсіресе, жаңбырдан кейін өсімдіктің бойындағы удың мөлшері күрт артатын көрінеді. Малдың неге жауын шашындардан соң жиі уланатыны да енді белгілі болды.

Сергей  Калякин, СҚО ветеринария басқармасының бөлім басшысы:

- Қазір біз ауыл әкімдеріне хат жолдап,  жатаған сарғалдақ өсетін жерлерге мал жаюға тыйым салып жатырмыз. Өңірдегі жайылымдардың бәрін зерттеп, осы өсімдікпен күресу жолдарын қарастырамыз.

Кеше9

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...