{metadescription}
Әйгілі спортшы Денис Тен қайтыс болды
Әйгілі спортшы Денис Тен қайтыс болды

Әйгілі спортшы Денис Тен қайтыс болды

Қазақ елі мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннен мәңгілікке айырылды. 25 жасар спортшының көз жұмғанын дәрігерлер бірер сағат бұрын растаған. Оны бүгін тапа-тал түсте екі ұры пышақтап кеткен болатын. Аяғынан жарақат алған Денис аурухананың жан сақтау бөліміне түскен. Бірақ дәрігерлер қанша тырысқанымен, оны аман алып қала алмады.

-К нам пришел парень который еще хорошо порадирует девушек...

Бұл бейқам отырған Денис Тен түскен соңғы видео. Бүгінгі түскі ас үстіндегі сәтті оның досы әлеуметтік желіге жүктеген. Ал, санаулы сәттен кейін спортшы қастандыққа тап болды.

Ақылбек Үмбетәлиев, Алматы қаласы ІІД тергеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

– Түскі үш шамасында Құрманғазы және Бәйсейітов көшелерінің қиылысында Денис Тен көлігінің айнасын ұрламақ болып жатқан белгісіз екі адамды көріп қалған. Сол жерде кикілжің туып, Дениске пышақ жарақаты салынады.

Осылайша, көліктің айнасы Денистің ажалына себепші болған. Тапа-тал түсте қаланың қақ ортасында қансыраған спортшы жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Жағдайы тым ауыр болған соң, жан сақтау бөліміне жатқызылған. Бірақ, 2 сағаттай арпалысқан ақ халаттылар оны өлімнен құтқара алмады.

Аурухананы айналшықтаған жақындары, достары мен жанкүйерлері Денистен айырылғандарына әлі сене алар емес. Төбелерінен жай түсірген хабардан әлі айыға алмай жатыр. Бірақ, ажалға не шара. Денистің өлімі көп өтпей ресми расталды.

Нұржан Исабеков, Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

Өзіміздің батырымыз қайтыс болды. Сондықтан, мына туған-туысқандарына өз көңілімізді білдіреміз. Осыған алдып келген негізгі себеп мынау жарақаттың орналасуы. Жарақат аяқ жағында болған. Сол жақ аяғында. Сол жерде ірі тамырлар өтеді. Сол жерде жарақат болған.

Сонымен қатар, көп мөлшерде қан жоғалтқан екен. Ал, пышақ сұғып барша қазақстандықтарды қайғыға батырған қаскөйлерді құзырлы органдар әлі ұстай алған жоқ. Айта кетейік, 2014 жылы Сочиде Денис қола медальді қанжылағанымен, оның есімі қазақ спортының тарихында алтын әріппен жазылады. Ер есімі ел есінде.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде