{metadescription}
Комбинаттағы апат: Тас жапырып, аяғынан айырылды
Комбинаттағы апат: Тас жапырып, аяғынан айырылды

Комбинаттағы апат: Тас жапырып, аяғынан айырылды

«Алтынтау-Көкшетау» тау-кен байыту комбинатындағы апаттан зардап шеккен 25 жастағы машинист екі аяғынан айырылды. Мадияр Төлеубековтың экскаваторының үстіне 80 тонналық тас құлап кеткен. 11 сағат дегенде тас астынан әзер шығарылған жігіттің аяқтары әбден мыжылып қалыпты. Ампутациядан кейін халі тіптен нашарлап, содан жансақтау бөлімінде жатқанына үшінші күн. Алтын өндіретін компанияда жұмыс істейтін азамат осыдан бір апта бұрын ғана үйленген екен.

- Құлыным ау сол, құлыным ау аман қалдың-ау?Аяғы мұздай ғой мынаның?

Мадиярдың аяғы шынымен алып тастың астынан мыжылып шыққан. Дәрігерлер оның жанын сақтап қалу үшін, бірден ота жасап, екі аяқты да кесіп тастады. Жансақтау бөлімінде жатқан 25 -тегі жігіттің беті әлі бері қарайтын емес. 6 жылда кәсіпорында тас үгітуші, экскаватор машинисі болып жүріп, өз ісіне  жауапты қарайтын жігіт бір апта бұрын ғана шаңырақ көтерген. Қайғылы оқиға болар күні кен орына асығыс шығып кетіпті. Экскаваторымен қоса басып қалған алып тастың астынан оны шығарғанша туыстары жандарын шүберекке түйіп, кәсіпорынды айналшықтап жүрді.

Раушан Шәріпжанова, Мадиярдың әпкесі:

-Келіп неге айтпайсыз бізге? Бала тірі ме,өлі ме?Сағат таңғы 7-ден сағат 5 болды. Не өлісін білмей,не тірісін білмейміз баланың. Не сұмдық? Не масқара? Не кіргізбейсіңдер ішіне? Түрме ме мынау?

Кеніш қабырғасы опырылып, дәу тас экскаватордың үстіне құлаған.  Мадияр осы кезде кабинада отырыпты. Оның екі аяғы қысылып қалған. Комбинат мамандары мен бірге құтқарушылар жабылып 11 сағат бойы жұмысшыны алып шыға алмады.

Талғат Айтбаев, Ақмола облыстық ТЖД жедел құтқару жасағы бастығының орынбасары:

-Құтқару жұмыстарының мұншама ұзап кетуіне себеп 80 тоннадай салмақтағы тасты көтерсек, кабинадағы адамға құлатып алу қаупі болды. Оның үстіне кеніште жер қыртысынан бөлініп тұрған, екінші алып тас құлауға шақ тұрды. Барлық күшті,техниканы жұмылдырдық.Тіпті эксковаторды кесуімізге тура келді.

Мадиярдың ата-анасы өңірдегі ең ірі компания – алтын өндіретін «Алтынтау-Көкшетау» комбинатында бұларды сабырға шақыратын жан табылмады деп қынжылады. Кәсіпорын күзетшілері тіпті төтенше жағдайды естіп жеткен журналистерге тап берді. Камераға жармасып, күш көрсетуге дейін барды.

Бүгін белгілі болғанындай кеніште алып тастың астында қалып,екі аяғынан айрылған Мадиярдың отбасына компания есебінен пәтер берілетін болды. Сондай ақ, науқастың ем дом алудағы барлық  шығынын өтейтін болды

Қазіргі уакытта "Еңбек қоргау тәртібінің бұзылуы" деген бап бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Еңбек инспекторлары да оқига орнында. Ал алтын өндіретін касіпорында қызметтік тексеріс басталған.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде