{metadescription}
Денис Тенді өлтірді деген күдіктілердің бірінен Астана тұрғыны да жапа шеккен
Денис Тенді өлтірді деген күдіктілердің бірінен Астана тұрғыны да жапа шеккен

Денис Тенді өлтірді деген күдіктілердің бірінен Астана тұрғыны да жапа шеккен

Денис Тенді өлтірді деген күдікпен ұсталғандарддың бірінен Астана тұрғыны да жапа шеккен. Сапар Шәмшиевтің айтуынша, тура 12 күн бұрын қарақшылар оның да көлігінің айнасын шешіп алып кеткенде қолға түсіпті. Бірақ, қылмыс үстінде ұсталған Арман Құдайбергеновті елордалық полицейлердің қалай босатып жібергені белгісіз. Тіпті бұл жігіт араға бір апта салып, Алматыда Денистің көлігіне қол салып үлгерген.

Сапар Шәмшиев Денис Тенді өлтірді деп айыпталған күдіктілердің фотосын көргенде өз көзіне өзі сенбеген. Өйткені дәл осы азаматтардың бірі оның да машинасының айнасын ұрлапты.

-Бұл жерде үш шруп бар. Соларды шешіп алып тастап, әйнекті шешкен. Мына жерде сымдар шығады сол сымдарды кесіп, пакетке салып әкеткен. 

Оқиға шамамен екі апта бұрын, яғни, шілденің 11-і күні болған. 33 жастағы Сапар сол күні футбол көріп, үйге түн жарымда бірақ оралған. Сөйтіп, енді көзі іліне бергенде, машинасының дабылы іске қосылыпты. Дереу сыртқа шығып қараса, көлігінің айнасы жоқ.

САПАР ШӘМШИЕВ, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Полицейлер, айнамды ұрлаған ұрыны ұзатпай сол кезде бірден ұстап әкелді. Ол Арман Құдайбергенов деген жігіт екен. Мені көріп, бірден кешірім беруімді өтінді.  Бірақ  мен келіспедім. Өйткені, ол бұған дейін де ұрлық үшін істі болыпты. Сондықтан жазасын алсын дедім.

Ол үшін Шәмшиев полицияға арыз жазыпты. Сол кезде шағымын қабылдаған тергеуші, алдағы 7-10 күннің ішінде сот отырысы болатынын айтып ескертіпті. Бірақ, болмаған. Өйткені, ұрыны полицейлер босатып жіберген дейді Сапар. Сөйтіп, 24 жастағы Арман Құдайбергенов сот өтетін күні Алматыда жайбарақат жүрген. Тіпті, қасына сыбайласы  Нұралы Қиясовты ертіп, Денис Теннің көлігінің айнасын ұрлағаны, сөйтіп, мұның арты қайғылы оқиғаға әкеп соққаны белгілі.

Қылмыс үстінде ұсталған Арман Құдайбергеновті астаналық полицейлердің қалай босатып жібергені белгісіз. Өйткені, жапа шеккен азамат оған кешірім бермеген. Сондықтан ол заң бойынша Астанада болуы тиіс еді. Егер тәртіп сақшылары Құдайбергеновті босатпағанда, Денис Тен де аман қалар еді дейді Сапар. Ал Ішкі істер министрлігі бұл жайтқа қатысты әзірге түсініктеме беруге асығар емес.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде