{metadescription}
Денис Тенді өлтірді деп күдікке ілінгендер кінәні бір-біріне жаба бастаған
Денис Тенді өлтірді деп күдікке ілінгендер кінәні бір-біріне жаба бастаған

Денис Тенді өлтірді деп күдікке ілінгендер кінәні бір-біріне жаба бастаған

Ішкі істер министрлігінің басшылары мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты тергеудің қалай жүріп жатқанын баяндап берді. Олардың айтуынша, әйгілі спортшыны өлтірді деген күдікпен ұсталған Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов екі түрлі сөйлеп, тергеушілерді әбден шатастырып жатыр екен. Сонымен Дениске пышақ сұққан кім? Қарақшы баукеспелер ұрлаған айнаны қайда өткізді? Денис қаза тапқанда Астанада қамауда отыруы керек болған күдіктінің бірі Алматыда қайдан жүр?

Денис Теннің мезгілсіз қазасы Ішкі істер министрлігін аяғынан тік тұрғызғаны анық. Бүгін ондағылар осы іс барысын тәптіштеп түсіндіруге тырысты. Вице-министр Рашид Жақыповтың ең алдымен, Сочи олимпиадасының жүлдегерін өлтірді деп ұсталғандардың  бірі – Арман Құдайбергенов үшін ақталуына тура келді. Өйткені 24 жастағы жігіт Денистің өлімінен екі  апта бұрын Астанада да бір тұрғынның көлігінің айнасын ұрлап ұсталған еді. Бірақ күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы қолданылмаған.

РАШИД ЖАҚЫПОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

-Арман Құдайбергеновтің Астанада ұсталғаны рас. Сол кезде оған қатысты тергеу жедел процедура бойынша яғни, 15 күн ішінде жүреді деп шешілген. Ал, тергеудің мұндай түрінде, күдіктінің жүріп-тұруына ешқандай шектеу қойылмайды. Яғни, оның Алматыда жүргені заңсыздық болып саналмайды.

Бірақ вице-министрдің бұл сөзіне күмән келтірушілер көп. Әсіресе, заңгерлер. Айтуларынша, заң бойынша кез-келген жағдайда күдіктіні Астанада қамауға болар еді дейді. Оның үстіне Арман Құдайбергеновтің сол жолы көлік айнасын ұрлауы бірінші рет емес. Екінші күдікті де осыған дейін машинаның аккумуляторы мен магнитофонын үптеп кеткені үшін ұсталыпты. Әрі Денис Тенге пышақ сұққан осы Нұралы Қиясов екен. Мұны жамбылдық күдіктінің өзі мойындаған. Бірақ, танымал спортшыны нақты кімнің ажал құштырғаны сараптамадан кейін белгілі болады.

РАШИД ЖАҚЫПОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

- Қиясов кінәні өзіне алу үшін «пышақты сұққан мен» деп өтірік айта салуы мүмкін. Сондықтан мұны заңды түрде анықтауымыз керек. Суық қару кімнің қолында болғаны сараптамадан соң белгілі болады. Әрі екеуі екі түрлі түсініктеме беріп жатыр.

Екеуі тергеушілерге екі түрлі сөйлегенімен, Денистің көлігінен алған айнаны кімге сатпақ болғандарын бірден айтып беріпті. Сондықтан  қара базарда автокөлік бөлшектерін алушыларды  полиция ұстап, ұрлыққа қаншалықты қатысы барын анықтап жатыр. Әрі алматылық полицейлердің де істі болуы ғажап емес. Өйткені, мұнда өткен жылы 45 мың көлік тоналып, соның небары 4 мыңы ғана ашылған. Сондықтан қоғам белсенділері тәртіп сақшыларының баукеспелермен бірге жұмыс істеп, қылмысына көз жұма қарайтындарын айтқан болатын.

РАШИД ЖАҚЫПОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

-Біздің қызметкерлер автомобильдердің бөлшектерін  ұрлап жүрген адамдарды қорғап жүр  дегенді оқып шыққанбыз. Сөз жоқ қазір тексеру жүргізіп жатырмыз. Ондай фактіні дәлелдесек, мен сізге айтайын ондай қызметкер жауапқа тартылады.

Әрі тек қатардағы тәртіп сақшылары ғана емес, лауазымды қызметтегі полицейлер де жұмыстан қуылуы ғажап емес.

-Сондай-ақ, Ішкі Істер министрлігі мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді өлтірді деген күдікпен ұсталғандарға қатысты алып-қашпа сөздерге де жауап берді. Себебі бұған дейін Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясовтың нағыз кінәлілер екеніне де сенімсіздікпен қараушылар көп болды. Бірақ вице-министр Рашид Жақыпов  екеуінің айыбын  100 пайызға дәлелдеп беретін  айғағымыз жеткілікті деп отыр.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде