{metadescription}
Жәбірленушілерге төленетін өтемақыдан кімдер үміттене алады?
Жәбірленушілерге төленетін өтемақыдан кімдер үміттене алады?

Жәбірленушілерге төленетін өтемақыдан кімдер үміттене алады?

Сотталғандардан жаппай ақша жинау басталды. Ол жәбірленушілерге төленетін өтемақы қорына барып құйылады. Қылмыскерлердің қанша төлейтіні жасаған қылмысының ауырлығына қарай 5-тен 30-ға дейінгі айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Тәркілейтін ақша не мүлкі болмаса, түрмеде жұмыс істеп төлейді. «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» заң қаңтар айында қабылданған болатын. Ол осы шілде айынан бастап қолданысқа енгізіліп отыр. Енді биылғы шілде айынан бастап қылмыс жасағандардан екі жыл бойы ақша жиналып отырады. Ал зардап шегушілерге өтемақы 2020 жылдан бастап бір-ақ төленеді. Егер, оған қанағаттанбаса, толық шығынды өндіріп алуға құқығы бар. Бірақ, өтемақы зәбір көргендердің бәріне қатысты емес. Заң тек ауыр және аса ауыр қылмыстан жапа шеккендерге қатысты. Нақты кімдер екенін көрсету үшін заңда Қылмыстық кодекстің 46 бабы бойынша 124 қылмыс түрі енгізілген.

Өтемақы:

- жыныстық зорлық-зомбылық құрбаны болған кәмелетке толмағандарға;

- адам саудасы және азаптаулар құрбаны болғандарға;

- денсаулығына ауыр зиян келтірілген немесе АИТВ/ЖИТС жұқтырған адамдарға;

- жәбірленуші қайтыс болған жағдайда оның заңды өкілдеріне тағайындалады.

ҚР Бас прокуратурасы

Кеше

14 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде