{metadescription}
Қаскелеңде жаңа туған сәбиді ақшаға сатқандар қамауға алынды
Қаскелеңде жаңа туған сәбиді ақшаға сатқандар қамауға алынды

Қаскелеңде жаңа туған сәбиді ақшаға сатқандар қамауға алынды

Бала сатып, байымақ болған! Алматы облысында жаңа туған шақалақты ақшаға айырбастап жатқан жерінен қылмыстық топ ұсталды. Полицейлер Қаскелеңдегі ауруханада болып жатқан сұмдық жәйттің үстінен түсіпті. Сорақысы сол, сәбиді тірі тауарға айналдырғандар қатарында дәрігерлер де бар. Аурухана басшылары бұл туралы тілшілермен тілдесуден қашқақтады.  

Бас дәрігер иегінің астында не болып жатқанынан бейхабар ма,  әлде мойындағысы келмеді ме жарытып ештеңе айтпады. Әйтеуір сәби сату мұнда бұрын-соңды тіркелмеген деп ақталғандай болды. Бір анығы, тауарға айналған нәрестенің денсаулығы қазір қалыпты екен. Қылмысқа нақты қанша адамның қатысы барын, сатқан мен сатып алушылардың кім екендігі, тірі тауарды қаншаға бағалағандарын да сақшылар құпия сақтап отыр.

Сергей Незнаев, Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы:

-Ұсталғандарға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті ретінде баланы сатушы мен сатып алушылардан бөлек, медицина қызметкерлері де қаралуда. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде