{metadescription}
Астанада алапат өрттен зардап шеккен тұрғындар шу шығарды
Астанада алапат өрттен зардап шеккен тұрғындар шу шығарды

Астанада алапат өрттен зардап шеккен тұрғындар шу шығарды

Астанада алапат өрттен аман қалған тұрғындардың пәтерін енді су басып жатыр. Ашық-шашық төбеден сорғалаған су пәтерлерді бүлдіріп, қожайындарын мол шығынға батыруда. Сондықтан жұрт жаңбыр жауса үйлерін тастап қашуға мәжбүр. 

 -5 қабатты тұрғын үйдің төбесіндемін. Көріп тұрғандарыңыздай  баспананың шатыры жоқ. Өйткені, тура бір ай бұрын алапат өрттен кейін түгі қалмай жанып кеткен. Сондықтан жаңбыр жауса, тұрғындарды әбден тентіретеді екен. Қазір олар судан қорғану үшін, мынадай полиэтилен төсеп қойған.

Бірақ, ол төпелеп жауған жауынға кедергі емес. Төбеге жиналған су пәтер иелерін шырғалаңға салып жатыр. Осындай нөсердің кесірінен баспанасы бүлінгендердің бірі - Нұрғай апа. 5 қабатты үй салынғалы, яғни 20 жылдан бері осында тұрады.

Енді пәтерінің түсқағаздары ашылып, сылақтары құлап жатыр. Сол үшін уақытша бала-шағасын жағалап жүрген ол, күн бұлттана қалса, дереу үйіне қарай жүгіреді екен. 

НҰРҒАЙ ТУҒАНБЕКОВА, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

-Күн жауған уақытта жүгіреміз әрі бері. Үйде ыдыс-аяқ та жетпейді. Ана жерден бір, мына жерден бір тамшылайды. Осы інде отырғандай отырмыз. Ешқандай жәрдем жоқ. Үйсіз қалатын болдық. Далада қалатын болдық.

Өзге тұрғындар да далада қаламыз ба деп уайымдап жүр. Өйткені, тездетіп, шатыр салмаса, үйдің қабырғалары сыз тартып, сөгілуі мүмкін дейді жұрт. Ал, кезінде элиталық болып саналған  5 қабатты үйде 30 пәтер бар. Ал өрт  30-шы пәтердің балконынан шыққан . Тілсіз жау, әп-сәтте тұрғын үйдің төбесіне таралып 600 шаршы метр аумақты   күлге айналдырып жіберген.

АМАНГЕЛДІ ҚАЙЫРБАЕВ, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

-Құдайға шүкір әйтеуір үй жанған жоқ. Төбе ғана жанды. Енді тілейтініміз күзге қалдырмай тездетіп жауып берсе екен.

Пәтер иелері кооперативіндегілер болса, бұл шаруа күзге қалмайды деп сендіріп отыр. Айтуларынша, әкімдік  «тұрғын үйді жаңғырту» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ақша бөлген. Енді бұл қаржыға келесі аптадан бастап шатыр салына бастамақ.

Қамшыбек Олжабай, петер иелері кооперативінің төрағасы:

-Өрт болғандықтан, түрлі тексеріс, сараптама жасалады. Сондықтан уақыт сәл созылып кетті. Жиналыс өткізіп, тұрғындарға да мұны ескертіп айтқанбыз. Енді келесі жұмадан бастап, мердігер компания  жұмысты бастайды.

Бір айта кетерлігі, шатыр тұрғындарға тегін салынбайды. Құрылысқа жұмсалатын 30 миллион теңгені 30 пәтердің қожайыны бірігіп, 15 жылда қайтарады. Пайызсыз. Ал, жұмыстар жаздың соңында бітеді деп жоспарланған. Оған дейін тұрғындарға жаңбыр суымен алыса тұруға тура келеді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде