{metadescription}
Астанада аударылған батут астында қалған балалардың ата-аналары кәсіпкерге кешірім берді
Астанада аударылған батут астында қалған балалардың ата-аналары кәсіпкерге кешірім берді

Астанада аударылған батут астында қалған балалардың ата-аналары кәсіпкерге кешірім берді

Кешірім алып, жазасыз қалуы мүмкін. Астанада желден аударылған батут қожайыны жапа шеккен балалардың ата-аналарымен келісімге келіпті. Аса ауыр қылмысқа жатпағандықтан, мәселе медиация жолымен шешілуі ықтимал.

Оқыс оқиға мамыр айында қаладағы сауда үйлерінің бірінің аумағында болған еді. Кенеттен күшті жел тұрып, батутты көтеріп, 20 метр жерге дейін ұшырып әкеткен. Ал онда секіріп ойнап жүрген кішкентай 5 бала ауруханаға жеткізілді. Төртеуі ауыр хәлде түскен еді. Кейін анықталғаны, төтенше жағдай қызметі желдің күшейетіні туралы хабар таратқан. Бірақ батут инструкторлары оған мән бермепті. Соған байланысты, кәсіпкер Михаил Жұмабаев пен оның қызметкері Лаура Сыдығалиева кінәлі екендерін толық мойындап, материалдық және моральдық шығынды өтеп берген. Адвокаттардың айтуынша, ата-аналар келісімге келуге қарсылығымыз жоқ, сотқа да қатысқымыз келмейді деп өтініш жазып жіберіпті. Бірақ мұны өз ауыздарынан естуім керек деген судья соңғы сөзді 31-ші шілдеге қалдырды.

Светлана Баубекова, адвокат:

-Бұл сотқа дейінгі тергеу кезінде жасалып біткен. Келтірілген шығын толық көлемде өтелді. Қазіргі уақытта зардап шеккендер тарапынан ешқандай наразылық жоқ. Біз қылмыстық істі тоқтатуды сұрап едік, бірақ іс сотқа жолданып кетті.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.