{metadescription}
Бишімбаев пен Ермегияев мерзімінен бұрын бостандыққа шыға алмайды
Бишімбаев пен Ермегияев мерзімінен бұрын бостандыққа шыға алмайды

Бишімбаев пен Ермегияев мерзімінен бұрын бостандыққа шыға алмайды

Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаев  мен ЭКСПО -2017 ұлттық компаниясының бұрынғы төрағасы Талғат Ермегияев мерзімінен бұрын бостандыққа шығатындардың қатарына кірмейді. Бұл туралы қылмыстық заңнамаларды гуманизациялау жөніндегі заң жобасын таныстырған Бас прокуратура өкілдері мәлімдеді.

Заң жобасы осы шілденің 31-і күні күшіне енеді. Соның арқасында 5 мың сотталушы бостандыққа шығуы мүмкін. Оның өзінде барлығы бір мезгілде абақтыдан шықпайды. Бірақ, ізгіліктендіру шарасының адам өлтірген, зорлық-зомбылық жасап, біреудің денсаулығына зиян келтірген сияқты ауыр қылмыс арқалағандарға қатысы жоқ. Тек заңды жұмсартудың арқасында біраз жеке тұлғалардың, кәсіпкерлердің айыппұл көлемі қысқартылып, тергеу қапасында жатқандар саны да үш есеге азаюы тиіс. Ал бір кездегі білдей министрлік пен халықаралық көрмені басқарған бұрынғы дөкейлерге жаңа заңның шапағаты тимейін деп тұр.

Марат Ахметжанов, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

-Оларға ұйымдасқан топ құрамында болып, ауыр және аса ауыр қылмыстар жасады деген айыптар тағылған. Ол Бишімбаев болсын, Ермегияев болсын, осындай айыптар тағылып, үкім шығарылып, ол күшіне еніп кетсе, олар бұл санатқа жатқызылмайды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.