{metadescription}
Астана мен Шымкенттің көлік базарларын полицейлер қоршауға алды
Астана мен Шымкенттің көлік базарларын полицейлер қоршауға алды

Астана мен Шымкенттің көлік базарларын полицейлер қоршауға алды

Денис Тен автобөлшек ұрлайтындардың қолынан өлген соң полицейлер сайман сататындарға қырғидай тиіп жатыр. Тексеруді Алматыдан бастаған тәртіп сақшылары бүгін тағы екі мегаполис Астана мен Шымкенттің базарларын, тіпті , қоршап алып тінтіді.

Астананың екі сауда орталығын тексеру үшін 400-ге жуық полицей жұмылдырылды. Көліктердің айнасынан бастап, қуаттағыш, дөңгелек пен тіпті әйнектерге дейін қарап құжаттармен салыстырып шықты. Саудагерлер қылмыстық кодекстің 196-шы бабы, яғни ұрланған затты алған жағдайда жауапкершілікке тартылатыны туралы құлақтандырылды. Ал, Шымкенттегі рейд Астанадан ерте басталған-ды. Автобөлшектерді алып-сататын күнгейдегі ең үлкен сауда орталығын әй-шәй жоқ қоршауға алған 200 тәртіп сақшысы кіріп-шығып жатқандарды тыпыр еткізбеді. Сатушылар мен алушылардың жеке басының құжатынан бастап, әр сайманның қайдан келгенін тексерген-ді. Рейд олжалы болып, сөредегі сайманының қайдан келгенін түсіндіре алмаған 37 сатушы полиция бөліміне жеткізілген. Шикіліктері шығып жатса да алайда мұндай тексерістер саудагерлерге ұнаған жоқ.

Сатушы:

-  Бұл жерде ешкім ақымақ емес. Алып келген затты тексереміз. Ұрланған зат керек емес бізге. Заңды білеміз. Құжатын қарап аламыз.

Алматыда құжатсыз жүрген келімсектер қуылып жатыр

Көлік бөлшегін ұрлаушылар мен қолды болған мүлікті сатушыларды құрықтауға кіріскен сақшылар  заңсыз еңбек мигранттарын да шетінен қамап жатыр. Үш күннің ішінде қалада 430 көші-қон заңын бұзған шетел азаматы ұсталып, əкімшілік жауапқа тартылған. Оның 121-ін елдеріне қайтарыпты.

Бүгін кешкілік қарқынды құрылыс басынан тағы да заңсыз жүрген 15-тен астам шетел азаматын анықтаған полицейлер, бұлардың қатары əлі де артуы мүмкін екенін айтады. Себебі, құзырлы орган қызметкерлері сенбі-жексенбі күндері де қаланың қуыс-қуысын түгел тінтімек. Күнкөрістің қамымен Қазақстанды жағалағандардың дені құрылыс нысанындарында жүр. Тіпті, кейбірін қоғамдық тамақтану орны мен базар аймағында  еш алаңсыз алшаң басып жүрген жерінен құрықтапты. Барлығы  құжат көрсете алмай тосылған.

Жарас Байсалбаев, Алматы қалалық ІІД көші-қон полициясы басқармасы взвод командирінің орынбасары:

- Ішкі істер бөліміне алып барып, жан-жақты тексереміз. Қолында құжаты болмағасын заңды немесе заңсыз жүргенін анықтаймыз. Барлығы Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстанның азаматтары.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде