{metadescription}
Алматыда дәрігерлер комаға түскен науқастың туыстарын таба алмай жатыр
Алматыда дәрігерлер комаға түскен науқастың туыстарын таба алмай жатыр

Алматыда дәрігерлер комаға түскен науқастың туыстарын таба алмай жатыр

Алматылық дәрігерлер аты-жөні белгісіз науқастың туыстарын іздестіріп жатыр. 40-тар шамасындағы еуропалық нәсілді ер адам 15 күн бұрын арықтардың бірінен ес түссіз күйі табылған.

10 күн комада жатып, жақындаға ғана есін жиған жігіт ағасы ойын ымдам қана жеткізеді. Аты-жөнін де жаза алмайды. Ақ халаттылар науқас өте ауыр халде ауруханаға жеткізілгенін айтады. Ми жарақатын алып, жамбас сүйектері сынған азаматқа шұғыл ота жасалыпты. Ол қазір ауруханада белгісіз адам ретінде тіркелген. Дәрігерлер үстіндегі киіміне қарап оны қаңғыбас деуге келмейді дейді. Тәртіп сақшылары да бұл азаматтың жоғалғандығы туралы арыз-шағым түспегенін жеткізді. Қазір жеке басы анықталуда. Тек ол басқа елден нәпақа табу мақсатында Қазақстанға келуі мүмкін деген болжам ғана бар. Дәрігерлердің айтуынша, науқасқа тиісті ем-дом жасағанымен оның тілге келуіне ұзақ уақыт қажет.

Есенай ЕСПЕМБЕТОВ №7 қалалық клиникалық ауруханасы жансақтау бөлімінің меңгерушісі:

-Бүгінгі таңда жағдайы бір қалыпты. Реанимациядан бөлімшеге ауыстыруға дайындап жатырмыз. Сол ауыстарған кезде туған-туыстары ары қарай науқасты қарап, ем шарасына көмектессе екен. Оны тауып алғанда өзімен бірге ешқандай құжаттары болған жоқ.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.