{metadescription}
Жамбыл облысында теміржол апатынан далада қалған жолаушыларға астаналық оркестр концерт қойып берді
Жамбыл облысында теміржол апатынан далада қалған жолаушыларға астаналық оркестр концерт қойып берді

Жамбыл облысында теміржол апатынан далада қалған жолаушыларға астаналық оркестр концерт қойып берді

Жамбыл облысында тағы да темір жол апаты орын алды. Бұл жолы рельстен жүк пойызы шығып кеткен. Салдарынан, 5 бірдей жолаушылар пойызы күні бойы жолынан бөгеліп далада қалды. Зардап шеккендер жоқ дегенімен вагондардың астаң-кестеңі шығып кетті. "Қазақстан темір жолы кешкі 6-ға дейін жолдар жүріп, пойыздар қозғалады" деген сөзінде тұрмады деп, жұрт ашу-ызаға булығуда.

Бағдагүл, жолаушы:

-Жолда жөнделген жоқ мінекей. 6-да жөндейміз деген. Енді түнгі 12-де деп жатыр. Халықтың жағдайы өте қиын болып жатыр. Себебі, күн ыстық, кондиционер жоқ. Бала-шаға, ыстық су жоқ, дәретхана дұрыс істемейді. Міне 10 сағат болды жолда тұрмыз.  Көп болса бір жарым километр жол ғой. Соны  10 сағат жөндеу деген миға сыймайды.  Сонда темір жолдағылар қайда қарап жатыр?  Жаңа бір тамақтар беріп жатыр. Мысалы, қарақұмық кашасы енді. Оны енді итке берсе жемейтін шығар.

Оқиға таңғы сағат 8-ден 5 минут кеткенде Қашқантеңіз-Жастар өткелінің  Мойынты-Шығанақ бөлігінде болған. Жүк вагондарының рельстен шығып кетуіне бір вагонның қосымша жақтауының сынуы себеп көрінеді. Шұғыл құрылған комиссия жұмысын бастап, барлық нұсқалар тексеріліп жатыр. Келтірілген шығын тасымалдаушы компанияға жүктелетін болды. Қазір, оқиға орнында Шу мен Сарышаған стансаларынан келген мамандар жұмыс істеуде. Жолда қалған 5 пойыздың жолаушыларына су мен ыстық ас таратылыпты. Қазақстан темір жолы сағат 6-дан кейін пойыздар жүре бастайды дегенімен, жолаушылардың айтуынша әлі қозғалатын түрі жоқ. Тұралап қалған пойыздардың бірінде гастролге шыққан астаналық филармонияның қазақ халық аспаптар оркестрі болған екен. Музыканттар әбден зарыққан  жолаушыларға концерт қойып, бір сәт болсын көңілін көтерді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде