{metadescription}
Алматыда ұшақпен қақтығысатын құстармен жауаптылар қалай күресерін білмейді
Алматыда ұшақпен қақтығысатын құстармен жауаптылар қалай күресерін білмейді

Алматыда ұшақпен қақтығысатын құстармен жауаптылар қалай күресерін білмейді

Құстармен күресуге қауқар жоқ. Еліміздегі әуе компаниялары əуежай маңында топ-тобымен ұшатын құстардан зиян шегіп отырғанын жеткізді. Олардың айтуынша, соңғы уақыттары ұшақтардың ұшып-қону кезінде құстармен соқтығысу оқиғасы жиілеп кеткен. Ал, Алматы халықаралық əуежайының басшылығы күресуге дəрменсіз екендерін жасырмады. Себебі, стратегиялық нысан маңы құстардың жем іздейтін мекені - егіс алқабына айналған. Бірақ, талап бойынша əуежайдан 15 шақырым қашықтықта егістік, мал шаруашылығы фермасы жəне қоқыс алаңы болмауы тиіс.

Ұшқан құстан зардап шектік деп шағымданғандардың бірі «Эйр Астана» компаниясы. Әуе тасымалдаушыларының айтуынша, жыл басынан бері ұшақтары 43 рет құспен соқтығысқан. Төтенше оқиғаның 10-ы Алматы әуежайында тіркеліпті. Тіпті, құстардан төнген қатерден ұшақтың кейбір бөлшектері бүлініп, тұраққа қайта оралған сәттер де кездесіпті. 

Сергей Макаренко, «AIR Астана» АҚ коропоративтік  қауіпсіздік департаментінің аға менеджері:

-Негізгі жауапкершілікті әуежай мен әуежай маңындағы құзырлы орындар мойнына алуы керек. Себебі, соңғы айда ұшақтың құстармен соқтығысу оқиғасы жиілеп кетті. Бұл тек Алматы ғана емес, өзге өңірлерге де тән келеңсіз жәйт. 

Амалы таусылған әуе компаниясының өкілдері азаматтық авиация комитетінен де араша сұрап отыр. Себебі, топтанған құстар қозғалтқышқа кіріп кетсе, орны толмас апат болуы мүмкін дейді олар. Ал, құстармен күрес жолында бәсеңдік танытпадық Алматы әуежайының өкілдері, мәселенің мәнісі әріде жатқанын айтады. 

Александр Гордеев, «Алматы халықаралық əуежайы» АҚ бірінші вице-президенті:

-Алматы әуежайы шындығын айтсақ шаруа қожалықтарының ортасында орналасқан. Содан кейін бұл маңайда құс болмайды деп айтып көріңіз. Бірақ, қол қусырып қарап отырғанымыз жоқ. Құстарды әуежайға жолатпау үшін био акустикалық құрылғы, лазерлік тапанша қолданамыз.

Құстардан қорғанудың түрлі жолын іздеген әуежайда арнайы орнитологиялық қызмет жұмыс істейді.  Тіпті, қанаттыларды үркітіп отыру үшін 6 бекет орнатылған. Бірақ, төгілген маңдай теріміз кейде текке кетеді дейді әуежай қызметкерлері.

-Заң бойынша əуежай аймағынан 15 шақырым қашықтықта егістік, мал шаруашылығы немесе қоқыс алаңы болмауы тиіс. Бірақ, бұл маңдар жекеменшік қолына өткендіктен келеңсіздікпен күресуге дəрмен жоқ дейді əуежай басшылығы. Мəселен, дəнді-дақыл егілген мына алқап əуежайдың қоршауына тиіп тұр. Жем іздеп топ-тобымен ұшқан құс кез келген уақытта ұшып-қонған ұшаққа қауіп төндіруі мүмкін. Ал, егін орағы қызған күз айында қауіп шамадан тыс артады дейді мамандар.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.