{metadescription}
Ақтауда Антальяға жете алмаған жолаушылар шу шығарды
Ақтауда Антальяға жете алмаған жолаушылар шу шығарды

Ақтауда Антальяға жете алмаған жолаушылар шу шығарды

Арман болған Анталья! Ақтауда 150-ге жуық жолаушы Түркияның ірі курорттық қаласына аттана алмай жүр. Олардың әуежайда телміріп отырғандарына 1 тәуліктен асқан. 

Кесте бойынша отандық «Sunkar air» компаниясының рейсі Ақтаудан Антальяға кеше таңғы жетіде аттануы керек еді. Алайда, жолаушыларға ештеңе түсіндірместен, ұшу уақыты кейінге шегеріле беріпті. Жолынан қалған жұртқа ас-су да ұсынылмаған. Тіпті, компанияның бірде-бір өкілі төбе көрсетпепті. Мұндай бейқамдық, әлбетте, бұқараның ашуын туғызды. Сөйтсе, рейс техникалық себептерге байланысты кешіктіріліп жатыр екен. Яғни, ұшақ бортындағы компьютер бұзылған. Компания тез арада құрылғының жаңасын алдыртқанымен, ол да дұрыс істемейтін болып шығыпты. Енді бұлар қосымша бортпен бүгін сағат 22:00-де жөнелтілмек. Осылай деген авиакомпания басшысы клиенттерден кеткен шығынды да толығымен өтеуге уәде етті. Алайда, қаржының кемі 2 айда қайтатынын ескерген халық бұған риза емес. Көп күттірген Антальяға бүгін жететіндеріне де күмәндары бар. Ең сорақысы бұл рейс қайтарында Түркиядан жолаушыларды алып қайтуы керек болған. Ол жақтағы туристер рейстерін қонақжайда тосып отыр.

Әйгерім Байзақова, Ақтау қаласының тұрғыны:

–- Біз демалыс күнімізді жоғалтып жатырмыз.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде