{metadescription}
Алматыда Храпунов ісі бойынша өздерін ақтауды сұрағандар тығырыққа тірелді
Алматыда Храпунов ісі бойынша өздерін ақтауды сұрағандар тығырыққа тірелді

Алматыда Храпунов ісі бойынша өздерін ақтауды сұрағандар тығырыққа тірелді

Кешірім жоқ. Храпуновтар ісінде айыпталушыларды босату туралы адвокаттардың өтінішін судья қабыл алмады. Сағызша созылған істе тағылған айыптардың ескіргенін өткен аптада қорғаушылар алға тартқан болатын.

Қасым Қалмағамбетов, судья:

-Заң талаптарына сәйкес көзделген. Егер сол істі қысқартуға сотталушылардың бірі немесе жәбірленушілер қарсы болса, немесе басқа да мән жайлар бас сот талқылауында зерделеуді қажет етсе сот талапкерді қанағаттандырусыз қалдырады.

Басты сот талқылауы алтыншы тамызда басталады. Атышулы іс 400 томға жүк болған. 212 куәгер бар. Храпуновтардың өзінен бөлек Алматы қаласының әкімдігінде әр жылдары қызмет еткен 10 адам жауапқа тартылып жатыр. Айта кетейік, қазына қаржысын жымқырды, алаяқтықпен айналысты деп сырттай айыпталған экс-шенеунік пен оның әйелінің мемлекетке келтірген шығыны 250 млн доллардан асады. 2007 жылы Қазақстаннан қашқан Виктор және Ләйлә Храпнуовтар қазір отбасымен Швейцарияда тұрып жатыр. Олардың қызы Элвира мен ұлы Ілияс аталған елдегі ең бай адамдардың тізіміне енген. Бұл отбасының жеке қонақ үйі, 24 резиденциядан тұратын кешені, элиталық көліктер паркі бар. Оған Женевадағы құны 17 миллион доллар болатын пәтерін қосыңыз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.