{metadescription}
Алматыда талай кәсіпкерді алдап соққан Ақуов сотта жауап беріп жатыр
Алматыда талай кәсіпкерді алдап соққан Ақуов сотта жауап беріп жатыр

Алматыда талай кәсіпкерді алдап соққан Ақуов сотта жауап беріп жатыр

Алматыда талай кәсіпкердің миллиондарын алаяқтық жолмен жымқырды деп айыпталған Талғат Ақуовқа қатысты сот басталды.   «Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығы» президенті болған тұста одан зардап шектік деген бизнесмендер түгел келді. Олар өз қаржыларын қайтарып алуға үмітті.

Айжан САТЫЛҒАНОВА жәбірленуші:

-2013 жылдан бері ақшамды ала алмай жүрмін. Осы тұрған кісілердің арасында он жыл ақшаларын талап етіп жүргендер бар. Ол бізге екі миллиардай қарыз. Одан да көп не аз болуы мүмкін. Сол ақшамызды қайтарып берсін деп үміттенеміз әлі де. Міне қараңыздаршы мынандай кісі бізді алдап, миллиондаған ақшамызды бермей кетеді деп кім ойлайды.

Бизнесті қазақша жүргізуді үйрететін  кітап жазып, ел сеніміне кірген Талғат Ақуовқа алданған Айжан сынды 48 кәсіпкер бар. Арбауға түскен кәсіпкерлер бүгін сот залына лық толды. Барлығының тілек-талабы  миллиондарды қалтасына басқан Ақуовтан ақшаларын өндіріп алу. Айта кетейік, олардың көбісі күдікті жетекшілік еткен тәуелсіз кәсіпкерлер одағына мүше болған. Алайда, сотқа күліп кірген Ақуовтың түр-әлпетінен өткен іске өкініш мүлдем байқалмады. Айыпталушы тараптың жымиып, әңгіме-дүкен құруы кәсіпкерлердің қытығына тиді. Сотта күдіктінің қыздары Алима мен Жазира қорғаушы ретінде сотқа қатысу үшін судьяға өтініш білдіріпті. Сондай-ақ, Ақуовтың адвокаты айыпталушы кінәсін мойындамайтынын ашық айтты. Осылайша, екі сағатқа созылған сот отырысы қос тараптың өтініштерін қараумен өтті. Еске салсақ, Ақуов кәсіпкерлерден «супер бизнесіне» миллиондаған ақша алып, оны еселеп қайтармаққа уәде еткен. Нәтижесінде оған имандай сенгендер жер сипап қалады. Былтыр күзде солардың арызынан кейін, алаяқтық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, оған іздеу жариаланған еді. Содан осы жылдың наурызында қашып жүрген Ақуов Қарағандыда ұсталды. Қазір ол Алматының тергеу абақтысында қамауда жатыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде