{metadescription}
Конгода Эболаның жаңа ошақтары анықталды
Конгода Эболаның жаңа ошақтары анықталды

Конгода Эболаның жаңа ошақтары анықталды

Бұл жолы індет елдің шығысынан табылған. Халықаралық денсаулық сақтау ұйымы 4 адамның ауруға шалдыққанын айтып отыр.

Бұған дейін Конга Демократиялық Республикасының солтүстік аймақтарында  ауру асқынып, 34 адамның өмірін жалмаған. Ал 24 шілдеде ел билігі қауіптің беті қайтты деп мәлімдеме жасады. Араға он күн салып вирус жұқтырғандар басқа облыстардан анықталып жатыр. Жаңа заманның ең қауіпті ауруларының бірі Эбола қара құрлықта жиі қылаң береді. 2014-15 жылдары Африканың бірнеше мемлекетінде осы індеттен ресми мәлімет бойынша он мыңнан астам адам қаза тапқан.   Эбола филовирустар тобына жатады. Бұл вирустың ошағы 1976 жылы Заирдегі Эбола маңында тұратын елді-мекендерде байқалғандықтан осы өзеннің атын алған. Эбола адамдарға аң-құстардан тараған,  ─ дейді мамандар. Науқастың емделіп кету мүмкіндігін пайызбен айтсақ, бар-жоғы  10-ақ пайыз екен. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.