{metadescription}
Астанада өлім аузынан тірі қалған құрылысшылар келісім-шартсыз жұмыс істеген
Астанада өлім аузынан тірі қалған құрылысшылар келісім-шартсыз жұмыс істеген

Астанада өлім аузынан тірі қалған құрылысшылар келісім-шартсыз жұмыс істеген

Астанада құрылыс алаңында болған жантүршігерлік  оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.  Елорданың қақ ортасында салынып жатқан коттедж опырылып, жұмысшыларды басып қалған еді. Бетон мен темір конструкцияның астында қалғандарды құтқарушылар әрең алып шықты. Құдай сақтап барлығы аман. Бірақ, жарақаттары ауыр.

Бұл салынып жатқан коттедж құлағаннан кейінгі көрініс. Оқыс оқиға өткен кеште  болған. Сол кезде құрылыс алаңында жүрген  25-тей жұмысшы жабылып жүріп, бірінші және екінші қабаттың арасына бетон құйыпты. Бірақ, темір конструкциялар ауырды көтере алмай, опырылып құлаған.

ЕРАСЫЛ ТҰРЫСБЕК, КУӘГЕР:

- Қатты дыбыс шықты. Біз камаздың артындағы прицеп сілкінді ма деп шықсақ,темірлер құлапты. Сөйтсе, құлаған жерде бір адам темірді ұстап тұр екен. Қорыққаннан үстіндегі адам арқан тастады. Бірақ, астындағының қолына бетон түсіп кетті.

Оқиға орына дереу жеткен құтқарушылар үйіндінің астында қалғандарды бірнеше сағат дегенде зорға алып шықты. Сөйтсе, бетон мен арматура 3 адамды басып қалыпты. Олар 48 және 35 жаста, ал ең кішісі небары 18-де екен. Аяқ-қолдары бірнеше жерінен сынған. Бір ажалдан аман қалғандардың  қазір беті бері қарап келеді.

ӘЙГЕРІМ АРДАҚ, АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

-Қазіргі таңда зардап шеккендердің жағдайы орташа тұрақты деп бағалануда. Әрқайсысы медициналық көмекпен толық қамтамасыз етілді. Үшеуі ауруананың бейімді орталығына жатқызылды.

Куәгерлердің сөзінше, еліміздің бірнеше аймағынан жиналған жұмысшылар бір дөкейге жалданып соның коттеджін салып жатыпты. Енді қауіпсіздік пен құрылыс  талаптарын сақтамағаны үшін осы үйдің қожайыны шатылуы мүмкін. Оның үстіне үй тұрғызуға рұқсат ететін құжаттары да болмай шығыпты.

СОФЬЯ ҚЫЛЫШБЕКОВА, АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ІІД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

-Тергеу амалдары басталды. ҚРҚК-нің 156 бабы яғни «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Қанша адам құрылыста еңбек етті?  Және қандай жағдайда еңбек еткені  сотқа дейінгі тергеуде белгілі болады.

-Сондықтан тергеу аяқталғанша, құрылыс жұмыстары уақытша тоқтатылған. Ал, құдай сақтап үйінді астынан тірі шыққандар  сотқа жүгінгеннің өзінде  ешқандай өтемақы ала алмасы анық.  Өйткені, қолдарында еңбек келісім-шарты жоқ. Ал, коттедж қожайыны олардың ем-домына ақша шығындай ма жоқ па бұл жағы да   белгісіз.  

Кеше

20 сәуір

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде