{metadescription}
​Қазақ-Қырғыз шекарасындағы таулы аймақтың түгел жанып кететін түрі бар
​Қазақ-Қырғыз шекарасындағы таулы аймақтың түгел жанып кететін түрі бар

​Қазақ-Қырғыз шекарасындағы таулы аймақтың түгел жанып кететін түрі бар

Бір жетіден бері қос тараптың төтенше қызмет мамандары дала өртімен алысып жатыр. Әзірге тілсіз жау екі жарым мыңнан асатын аумақты күлге айналдырған.

Алғашында Қырғыз жерінде тұтанған жалын Жамбыл ауданына қарасты «Ұзынбұлақ» шатқалына жеткен. Бұл маңда долана, итмұрын сынды жабайы жеміс ағаштары қаулап өседі. Шарпыған жалын енді олардың күлін көкке ұшырды. Жалпы көлемі 500 гектардан асатын жайылым жанып кеткен. Өрттің өршуіне күшті жел себеп болып жатыр. Оның үстіне техникалар да таулы аймақтарға жете алатын емес. Сондықтан мамандар таулы аумаққа жаяулап жетіп, отты жалаң қолмен сөндіруде. Ал қызыл жалынды ауыздықтауға 100-ден аса адам мен 20-ға жуық техника жұмылдырылған. Бірақ әзірге нәтижесіз. Қазір аудандардан қосымша күш тартылып жатыр. Тіпті көкке тікұшақ көтеріліп, жағдай әуеден бақылауға алынды. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.