{metadescription}
Қарағанды облысында бұрынғы түрме бастығы сотталды
Қарағанды облысында бұрынғы түрме бастығы сотталды

Қарағанды облысында бұрынғы түрме бастығы сотталды

Қарағанды облысындағы АК 159/6 тәртіппен түзеу колониясының бұрынғы басшысы мен қызметкері және 6 жазасын өтеуші 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды. Бұл туралы біздің тілшілерге Қарағанды облыстық соты хабарлады.

Сотталған азаматтар Валерий Чупин деген  сотталушыны азаптап өлтірді деп айыпталған. Марқұм былтыр түзеу мекемесінде аяусыз таяқ жеп, артынша ес жимастан бақилық болған еді. Сөйтсе, оны жазасын өтеушілер ағылшын тілінен сабақ беретін мұғалімді балағаттағаны үшін оңдырмай сабапты. Тергеу барысында айыпталушылар бұл тапсырманы колония қызметкері Виталий Зарецкиден алғанын жайып салған. Ал колония қызметкері сотталушыны соққыға жығуды бастық бұйырғанын жеткізіпті. Осының негізінде бұрынғы бастық Бауыржан Шотаев пен Зарецкийге 7 жыл үкім кесілді. Ал басшылардың бұйрығын орындаған 6 сотталушының бұрынғы жазаларына тағы да 8 жылдан 10 жылға дейін мерзім қосылды. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде