{metadescription}
Храпуновтың құдасын Астанаға келтіру үшін прокуратура барын салуда
Храпуновтың құдасын Астанаға келтіру үшін прокуратура барын салуда

Храпуновтың құдасын Астанаға келтіру үшін прокуратура барын салуда

Швейцарияның жанындағы Францияда бой тасалап жүрген Храпуновтың құдасы Мұхтар Әбіләзовті Бас прокуратура Астанаға келтіру үшін барын салуда. Ведомство шақыртуды оқырманы мен таралымы ең көп Le Figaro  газетінде жариялапты. 

Онда адвокатын ертіп, 16-тамыздан қалмай Астанадағы Бас прокуратураға жету талап етілген. Айта кетейік, қазір олигархтің өзі Францияда тұрып жатыр. Бұған дейін прокурорлар оны отандық ақпарат құралдары арқылы шақырған-ды. Бұл жолы Мұхтар Әбіләзовтан жымқырған миллиардтары емес, банкир Ержан Тәтішевті қасақана өлтіру ісі бойынша жауап алынбақ. Басты қадағалаушы орган Әбіләзовтың бұл қылмысқа қатысы барын дәлелдейтін нақты айғақтар жиналғанын мәлімдеген болатын.

Кеше

24 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.