{metadescription}
Храпунов ісі бойынша сот талқылауы басталды
Храпунов ісі бойынша сот талқылауы басталды

Храпунов ісі бойынша сот талқылауы басталды

Бүгін Алматыда Храпуновтар ісі бойынша басты сот талқылауы басталды. Сағызша созылған атышулы іс басты айыпталушыларсыз: ерлі-зайыптылар мен Храпуновтың бажасы -Айяр Ілиясовтың қатысуынсыз өтіп жатыр. Бірақ, сотта олардан өзге қалалық әкімдікте әр жылдары түрлі қызмет атқарған 9 адам жауапқа тартылуда. Прокурор айыптау актісінде оларға ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, соған жетекшілік еткенін, мемлекеттік мүлік пен қаржыны қалай жымқырғанын тәптіштеп шықты. Ал, ешқайда кетпеу туралы қолхатпен бостандықта жүрген 9 адам сол топтың құрамында белсенді әрекет еткен.

Атышулы істің негізгі кейіпкерсіз өтіп жатқанына судьяның да, өзгенің де еті үйренгендей. Бірақ, бүгінгі басты сот талқылауына экс-шенеунікпен бірге айыпталған 9 адам түгелдей қатысты. Барлығы әр жылдары Алматы қалалық әкімдігінде лауазымды қызмет атқарғандар. Әуелі сот залындағы айыпталушыларды аты-жөнін атап, түрін түстеген судья кезекті мемлекеттік айыптаушыға берді. Прокурордың дерегінше, Виктор Храпунов Алматыға әкім болып келген күннен «қазаншының еркінде, қайдан құлақ шығарса да» дегеннің кебін келтірген. 

Алмас Байбарақов, мемлекеттік айыптаушы:

-Виктор Храпунов пен Ләйлә Храпунова ұйымдасқан топ құрып, оған жетекшілік еткен. Яғни, Храпунов өзінің уәкілеттілігі жоғары болғандықтан, өзі және туысқандарына заңсыз пайда әкелу үшін жары Ләйлә Храпуновамен алдын-ала келісімге келген

Ал, сот залындағы өзге 9 адам экс-шенеунікпен ым-жымы бір болып, ұйымдасқан қылмыстық топтың аясында белсенді әрекет еткен. Олар бюджет қаржысын жымқыру, мемлекеттік жылжымайтын мүлікті иелену, пара алу және сол арқылы аударылған қаржыны заңдастырумен айналысыпты. Тіпті, Храпнуов өзінің, туысқандары мен өзгелердердің бақылауындағы компаниялардың пайдасына тиімді шешімдер қабылдауды қамтамасыз етіп отырған.

Алмас Байбарақов, мемлекеттік айыптаушы:

-Нәтижесінде мемлекеттік қордағы нысандар ұйымдасқан қылмыстық топтың бақылауындағы команияның қарамағына өткен. Оның ішінде жалпы қолданыстағы жер участкесі бар. Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар нысандар мен балабақшаға тиесілі жерлер мемлекеттің мұқтаждығы дегенмен желеумен жекеменшіктің иелігіне берілген.

Аш ішектей шұбатылған атышулы істің айыптау актісі 3 сағаттан астам оқылды. Тіпті, судьяға арасында үзіліс жариялауға тура келді. Ал, ұрланған қаржыны мезетінде шет ел асырып үлгерген Храпуновтар отбасы мемлекетке 250 миллион доллардан аса шығын келтірген. 400 томға жеткен істе 200-ден астам куәгер бар. Бірақ, әзірге куәгерлер сот залына жеткізілген жоқ. Бір қызығы, елдегі айыпқа тартылған 9 адам қазір ешқайда кетпеу туралы қолхатпен бостандықта жүр.

-Дегенмен, бүгін 9 сотталушының 7-і өзіне тағылған айыпты мойындаса, қалған 2-і жарым-жартылай келісті. Басты сот талқылауы тағы екі күнге жалғаспақ. Алайда, «айран ішкен құтылып, шелек жалаған тұтыла ма», о жағы белгісіз. Себебі, ірі қаржы жымқырып елден қашқандардың кісенмен оралғаны некен-саяқ. Сол сияқты қазір Виктор Храпунов та отбасымен бірге Швейцарияда бейқам күн кешіп жатыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде