{metadescription}
Назарбаев Қорғаныс министрі етіп азаматтық тұлғаны неліктен тағайындағанын түсіндірді
Назарбаев Қорғаныс министрі етіп азаматтық тұлғаны неліктен тағайындағанын түсіндірді

Назарбаев Қорғаныс министрі етіп азаматтық тұлғаны неліктен тағайындағанын түсіндірді

Қорғаныс министрлігіне тағы да азаматтық басшы келді. Бүгін президент Нұрсұлтан Назарбаев күтпеген жерден Қорғаныс министрін ауыстырды.

Бұдан былай еліміздің Қарулы күштерін  55 жастағы Нұрлан Ермекбаев басқарады. Бұрын Дін істері және азаматтық қоғам министрлігін басқарған ол Тәуелсіздік тарихындағы 11-ші Қорғаныс министрі болып отыр. Бұл лауазымға дейін президент көмекшісі және Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы ретінде  Ермекбаев  күш құрылымдары мен құқық қорғау органдарының жұмысын  үйлестіруге жауапты болған. Сондықтан бұл қызмет оған таңсық емес. Нұрлан Ермекбаев  Даниал Ахметов, Әділбек Жақсыбеков, Серік Ахметов, Иманғали Тасмағамбетовтен кейін  министрлікті басқаруға келген 5-ші  азаматтық басшы. Ал екі жылдай Қорғаныс саласына жауапты болған Сәкен Жасұзақов ұзақ уақыт жұмыссыз қалған жоқ. Бүгіннен бастап генерал-полковник Тұңғыш Президент - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы қызметіне тағайындалды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Әлемде заман талаптарына сай,азаматтық тұлғаны қорғаныс саласына басшылыққа қою қалыпты дүние. Сондықтан мен қарым-қабілеті мен іскерлігіне сене отырып, Ермекбаевты осы лауазымға тағайындадым. Сонымен қатар Жасұзақовқа да зор алғысымды білдіремін. Ол өте мықты кадр. Біз бұны бағалап университетке басшылыққа тағайындап отырмын.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде