{metadescription}
Астанада босану үстінде көз жұмған  келіншектің күйеуі шетел сарапшыларының қортындысына сенбейді
Астанада босану үстінде көз жұмған  келіншектің күйеуі шетел сарапшыларының қортындысына сенбейді

Астанада босану үстінде көз жұмған келіншектің күйеуі шетел сарапшыларының қортындысына сенбейді

Дәрігерлерден кінә жоқ! Толғақ үстінде көз жұмған 4 әйелдің  өмірін сақтап қалуға ешқандай мүмкіндік болмаған. Астананың  перзентханаларында зерттеу жүргізген израильдік мамандар осындай қорытындыға келді. Алайда жақындарынан айырылғандар шетелдік сарапшылардың сөзіне күмәнмен қарап отыр. Өйткені перзентханадағы  әйелдердің  қазасына қатысты құрылған қазақстандық комиссияның ресми қорытындысы әлі шықпай жатып қандай бір мәлімдеме жасау ерте дейді.

Израильден арнайы алдырған  дәрігерлер Астанадағы атышулы перзентхананы төрт күннен бері зерттеп жүр екен.  Шетелдік мамандар  дүниеге бала әкелемін деп көз жұмған  төрт  әйелдің өмірін сақтап қалуға болар ма еді деген сауалға жауап іздеуде. Олар алдымен астаналық акушер-гинекологтармен танысып, перинаталдық орталықтағы медициналық құрылғыларды қарап шыққан. Толғақ қысып  келген келіншектердің денсаулығы туралы құжаттарды жіті  ақтарған.  Сөйтіп, мынадай қорытындыға келіпті:

Наталья Мелех-Хедват, Израиль дәрігері:

-Төрт ананың өлімінің алдын алуға болар ма еді? Жоқ.  Астанадағы дәл осы орталықтағыдай медициналық құрылғылармен әйелдердің өмірін ешкім сақтап қала алмайды. Егер төрт қайғылы оқиға бір жылда орын алғанда, оны ешкім байқамай қалушы еді. Аралары жиі болған соң көзге түсіп отыр.

Халықаралық сарапшылар төрт әйелдің өлімі бір уақытта  тұспа-тұс келгені болмаса, жалпы, Қазақстандағы жағдай өте жақсы деп отыр. Статистикасы бойынша  Америка біздің шаңымызға да ілесе алмайды екен. Яғни, Қазақстанда ана өлімі сирек тіркеледі. Ал дәрігерлердің деңгейінің жоғарылығы  соншалық, адамдардың алаңдауына еш себеп жоқ екен. Мұндай пікір, әрине, перинаталдық орталықтағылардың құлағына майдай  жақты.  Ал  жұбайынан көз жазып қалған азаматтардың Израиль мамандарынан  үміті басқа еді. Мәселен, Сапар  шетелдік ақхалаттылар келсе, тірі қалған қызын емдеуге кіріседі деп ойлапты. 

Сапар Әміртай, Астана қаласының тұрғыны:

-Израильден келді дейді дәрігерлер. Олардың бірінші мақсаты – қайтыс болған әйелдердің балаларын  қарау. Мұнда бірінші маңызды бала болу керек қой. Балаларға қарау керек қой. Олар балаға қарамай, өз шаруаларын шешіп отыр.

Астанадағы перинаталдық орталықта бірінші осы Сапардың 31 жастағы  келіншегі көз жұмған. Марқұмның артында анасын іздеп, шырылдаған екі жарым жасар қызы қалды. Ал 20-маусымда туған екінші қызы әлі көзін де  ашпаған. Қимылсыз жатқан сәбиді күнде әкесі келіп түтікшемен тамақтандырып жүр.

Сапар Әміртай, Астана қаласының тұрғыны:

- Тек қана жатыр. Бітті, басқа емдеу деген ештеңе жүріп жатқан жоқ балаға.  Дәрігерлер ештеңе айтып жатқан жоқ. Олар өйткені  өздері түсініп жатқан жоқ баланың жағдайын.

Сапардың қызы секілді  Астанада  ана сүтін ембеген тағы үш бала бар. Олардың да жағдайы әртүрлі.

Әлия Рүстемова, Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

-Бірінші туған балаға неврологиялық патология деген диагноз қойлыды. Денсаулығында аз ғана өзгеріс бар. Ол 1-ші перинаталдық орталықта жатыр. Екінші және төртінші баланы үйлеріне шығардық. Үшінші бала да орталықта. Оны жақында шығарамыз.

Елордада   екі айда  толғақ қысып келген 4 әйел мерт болған еді.  Үшеуі №1 перинаталдық орталықта көз жұмса, төртіншісі №2 орталықта қаза тапты. Дәрігерлер: «ауру екенін біле тұра бала көтерді» деп марқұмдардың өздерін жазғырған еді.

-Астаналық перзентханадағы төрт ананың өліміне қатысты арнайы комиссия құрылған. Мамандар әйелдердің  қазасына не себеп болғанын анықтауда. Істі полицейлер де бақылауға алған. Ал  зерттеу қорытындысы тамыздың соңында дайын болады екен. Израильден келген дәрігерлер болса, алдағы уақытта  елордалық ақхалаттыларға тұрақ түрде кеңес беріп отырмақ.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.