Қордайдағы қарақшылық шабуылдар туралы әңгіме Жамбыл облысының прокуроры мен жуырда ғана тағайындалған Ішкі істер департаменті басшысының құлағына енді жеткен секілді. Қос бірдей құзырлы орын басшылары Қордайға барып, қорқыныштан қалтырап отырған тұрғындармен жүздесті.
Қордайда полицейлер саны шұғыл көбейтіліп жатыр
Қордайда полицейлер саны шұғыл көбейтіліп жатыр

Қордайда полицейлер саны шұғыл көбейтіліп жатыр

Қордайдағы қарақшылық шабуылдар туралы әңгіме Жамбыл облысының прокуроры мен жуырда ғана тағайындалған Ішкі істер департаменті басшысының құлағына енді жеткен секілді. Қос бірдей құзырлы орын басшылары Қордайға барып, қорқыныштан қалтырап отырған тұрғындармен жүздесті. Тараздан басшылар келді дегенде, аудан жұрты ұрылар ұсталған шығар деп ойлапты. 

Алайда кейіннен мәртебелі меймандардың жұртты тек  сабырға шақыру үшін жеткені белгілі болды. Облыс прокуроры мен департамент басшысының елмен шұғыл жиын өткізуі бекер емес. Өйткені Қордайда қарақшылар шабуылы жиілеп кеткен. Әсіресе ұрылардың ерлі-зайыпты зейнеткердің үйіне түсіп, өздерін өлімші етіп сабап кетуі бұқараның тіптен зәресін алған. Қатты соққы алған 68 жастағы Владимир Бойко ауруханада екі жеті жатып көз жұмған еді. Осы оқиғадан кейін жұрт полицейлердің дәрменсіздігіне наразылық білдіріп, шу шығарған болатын. Ал ішкі істер департаментінің  бастығы қаныпезерлерді құрықтау үшін барын салып жатқанын мәлімдеді. Тіпті көп ұзамай қолға түседі деп елді иландырды. Ол үшін облыс орталығынан білікті мамандар тартылып, қордай толық бақылауға алыныпты.  

Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

-Қордай ауылына қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Ішкі істер департаментінен қосымша 70 қызметкер оның ішінде атты полицейлер, сондай-ақ, 15 автокөлік  және 10 қызметтік іздестіру иттері жолданылды. Олар күндіз-түні  патрульдік  жасаққа шығып күзетуде.

Кеше0

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...