{metadescription}
Қажылыққа баратындардың алғашқы легі аттанды
Қажылыққа баратындардың алғашқы легі аттанды

Қажылыққа баратындардың алғашқы легі аттанды

Елімізден қажылық сапарға ниет етушілердің алғашқы легі аттанды. Биыл 3 мың қазақстандық Сауд Арабиясында мұсылмандық парызын өтеп қайтпақ. Қажылық сапарды ұйымдастыру ісін 18 туристік компания мойнына алған. Ал Бас мүфти Серікбай Қажы Ораздың айтуынша, ұйымдастыру-үйлестіру жұмыстары толықтай пысықталып, барлық талап-тілектер орындалыпты.

Серікбай Қажы Ораз, Бас мүфти

- Денсаулық сақтау минстрлігінің ұйымдастыруымен менингит сынды түрлі аурлардың алдын алу мақсатындағы вакцинациялар дерк езінде егілді. Күні кеше біз толыққанды құжатты рәсімдеу-визалар жұмысын да бітірдік. Демек, біздің қажыларымыз сапарға шығуға дайын.

Қажылық парызын өтеуге ниет еткендердің барлығы 15 тамызға дейін толық жетіп үлгереді. Олар Алматы, Астана, Ақтау және Шымкент қалалары арқылы тікелей рейспен ұшады. Діни басқарма өкілдерінің мәліметінше, сапарға аттанатындарға алдын-ала дәрістер жүргізіліп, діни сауат ашу курсынан өтіпті. Отандастарымыз Меккедегі бір мөлтек аудандағы қонақ үйлерде орналасады дейді діни басқарма қызметкерлері. Сондай-ақ, биыл бірінші рет болашақ қажыларға көк және ақ түсті бірыңғай киім үлгісі үлестірілген. Айта кетейік, осы жылғы қажылық сапардың төменгі құны 4 мың 400 және 5 мың АҚШ долларына тең. Сондай-ақ, әрі қарай өтініш берушінің қажетіне орай бағасы өсе береді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.