Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданына қарасты бірнеше ауыл тұрғындары қоқыс полигонының кесірінен бала шағамызбен ауру табатын болдық деп шулады. Ала жаз бойы өртенетін қалдықтардың түтініне тұншыққан олар таза ауа жұтудан қалған.  Ал шенділер болса тұрғындарға тағы үш жыл шыдаңдар деп басу айтуда.
Алматы облысында бірнеше ауыл қоқыс полигонынан қорқып отыр
Алматы облысында бірнеше ауыл қоқыс полигонынан қорқып отыр

Алматы облысында бірнеше ауыл қоқыс полигонынан қорқып отыр

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданына қарасты бірнеше ауыл тұрғындары қоқыс полигонының кесірінен бала шағамызбен ауру табатын болдық деп шулады. Ала жаз бойы өртенетін қалдықтардың түтініне тұншыққан олар таза ауа жұтудан қалған.  Ал шенділер болса тұрғындарға тағы үш жыл шыдаңдар деп басу айтуда. Осы уақыттан соң не өзгеретінін тілшіміз Гүлмира Тасболатқызы біліп қайтты.

Мына қоқыстың бықсып жатқанына біраз уақыт болыпты.  Тұрғындар бұған полигонда жұмыс істейтіндерді  кіналайды. Айтуларынша,  олар  мұнда   әдейі от қойып, темір терсек іздейді екен. Оны  ғана емес осы  жерден жиналған  пластмасс бөтелкелерді де олар  ақшаға өткізетін көрінеді.  

Шаяхмет  Құсайынұлы, Қарасай ауылының тұрғыны:

- Есікті ашайын десең түтін, жел мына таудан ұрғанда мына Қарасайды түгел басып қалады. Егер  мына жақтан  ұрса мына жақтағы бірінші Көктөбе, екінші Көктөбе мына жердегі селолар, мына жерде мола бәрі түгел ештеңе көрінбейді.

Тұрмыстық қалдық қана емес, ескі құсқы көліктердің де моласына айналған бұл полигон өткен ғасырдың 60- жылдары ашылған екен. Кейін ол жабылғанымен,  жұрт үйренген жеріне қоқыс төгуді тоқтатпаған.   Сондықтан шенділер  8 жыл бұрын оның көлемін 3 гектарға ұлғайтып, жерді  «жұрттан қоқыс жинаймын» деген кәсіпкерге  жеке меншікке беріпті.  Алайда бұл істің   пайдасы аз болды ма  белгісіз, олар бұл бизнесті мүлде тастап кеткен. Жеке меншікке өтіп кеткен жерді қайта мемлекетке қайтарумен әлек болған әкімдік полигонды өзге фирмаға сенімді басқаруға беріпті. Олардың да бұл жерді талапқа сай ұстап, барлық технологиясын сақтауға қажет қаржысы да ынтасы да  жоқ көрінеді. 

Бүркіт Жүсіпов, жеке кәсіпкер:

- Бізде ондай ақша қарастырылмаған,  біз жеке меншік фирмамыз, біз өз күнімізді өзіміз көріп жатырмыз,  біз қайда апарамыз ол мусорды? Мен басында айтқам, қатты нелер туындайтын болса,  мен техникамды аламын да кетемін бұл жерден.

Ал қоқыс қалдықтарының жақын маңдағы жұртты мезі қылғандығын білетін шенділер бұл мәселе алдағы үш жылда ғана шешіледі деп ашық айтып отыр. 

АсхатАңсатбаев, Еңбекшіқазақ аудандық ТКШ бөлімінің бас маманы:

Қазір ауданда бірнеше жаңа полигондардың  жобалық сметалық құжаттары дайындалып жатыр. Бұл шара жаңа инвестициялық  жоба үшін қажет. Үш жылдан соң бізге жаңа  инвестор келіп, полигон орнына қоқыс өңдеу зауытын салады

Шендінің сөзіне сенсек,  тұрғындарға алдағы үш жыл бойы түтін мен өкпені қабатын сасық иіске тұншығуға тура келеді екен. Төзімі таусылған жұрт ажалымыз түтіннен емес, судан ертерек келе ме деп алайдайды. 

- Бір қызығы дәл осы қоқыс полигонының астынан мына ауыл тұрғындары су ішетін құбыр жүреді екен. Ол құбырдан мына төменгі ауыл тұрғындары су ішеді. Егер құбыр тесілсе, онда қоқыс суға түсіп,  уланамыз ба деп қорқады жұрт.

Кеше0

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...