{metadescription}
Алматы облысында аса қауіпті мал ауруына қарсы вакцина далада шашылып жатыр
Алматы облысында аса қауіпті мал ауруына қарсы вакцина далада шашылып жатыр

Алматы облысында аса қауіпті мал ауруына қарсы вакцина далада шашылып жатыр

Екпе елдің қолында жүр! Алматы облысында аусыл ауруына қарсы вакцина жол бойында шашылып жатыр. Ірі қара түгілі, жұқса адамды да арам қатыратын ауруға қарсы қауіпті вирустың штамын елеусіз жерге кімнің әкеліп тастағаны әзірге белгісіз. Мұны қазір тәртіп сақшылары анықтап жатыр.

Желіге жүктелген видеодағы бей-берекет жатқан мына құтыдағы дәрілер – ірі қарада болатын аусыл дертіне қарсы егілетін екпе көрінеді. Оны далаға кімнің тастап кеткені әзірге белгісіз. Бірақ тек мал дәрігерлерінде болатын преператтардың далада шашылып жатқанын Қаратал аудандық ветеринария инспекциясының басшылары жылы жауып қоймақшы болған. Өйткені қол астындағы қызметкерлеріне бұл туралы ешкімге тіс жармаңдар деп тапсырма беріпті.

Жанат Тілегенов, Қаратал аудандық ветеринария инспекциясының қызметкері:

- Кемінде где-то 40-50 шақты ашылмаған, біраз болды, но соның ішінде ашылмаған где-то сол шама, біз қарағанның өзінде  30 шақтысы көрініп тұрды, каждый доз 2010, үлкен аусылға, ящур, соны біз мешокқа салдық. Сосын біздің бәрімізді жинап алып бастықтар ешқандай көрмедік деп жазыңдар деді, бәле болады, ертең жұмыстан кетеміз, анау-мынау деді

Жанат Тілегеновтың айтуынша, екпе екінің бірінің қолына беріле салмайды. Оны жауапты мамандар құжатпен қатталып, мөрмен бекітілген соң ғана қолдарына алатын көрінеді. Ал, егу жұмыстарымен айналысуға тек мал дәрігерлері құқылы. Алайда Қараталдық ветеринарлар шалғайдағы малшыларға жете алмағандықтан, екпелерді дәл осылай далаға тастай салатын секілді.

Жанат Тілегенов, Қаратал аудандық ветеринария инспекциясының қызметкері:

- Бізде мәшине бар, бірақ мәшинені бермейді. Өзіміз осындай бездорожный жолмен жүреміз. Қайықпен барамыз ар жақтан асфальтпен келсек Қарғалы өзенінен, ат арбамен барамыз мәшіне жүрмейтін жерлер бар, ал бастықтарға айтсақ, бір-біріне лақтырады, то инспекция, то ветотдел, то ветстанция как пирамида бір-біріне сілтейді.

Аудандық ветеринария инспекциясындағылар аусылға қарсы екпенің жоғалғандығын білсе де, бірақ оған кімнің қатысы бар екендігін анықтай алмай отыр екен. Бірақ, басшылық өз кінәсінің бар екендігін де жоққа шығармайды. Инспекция басшысы Әміржан Аңдаспаев қарамағындағы мал дәрігерлеріне екпенің емін-еркін берілуіне өзін айыптымын деп отыр. Бірақ, алдағы уақытта мұндай қайталанбайды деп ант-су ішті.

Әміржан Аңдаспаев, Қаратал аудандық ветеринария инспекциясының басшысы:

- Вакцинаның кімдікі екендігін анықтай алмағандықтан, мынау облыстық ветеринарлық управлениеден ұсынысымен әр врачтың қандай вакцина, кімдікі екендігін анықтау үшін біз ары қарай мынадай әр округке штамп бердік. Мысалы, Айтөбе ауылдық округі кодымен 01 деген. Ветпункт меңгерушілерінің арнайы журналдары бар, әр дәрігер алған дәрісін вакцинаны қанша алды, қолын қойып алады.

Қаратал ауданында қазіргі таңда барлығы 70-ке жуық мал дәрігері қызмет етеді. Енді олардың қайсысының діттеген жерге жетпей, екпені лақтыра салғандығын ішкі істер қызметкерлері анықтауы тиіс.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.