{metadescription}
Семей зообағындағы аңдар үшін қауынды тоңазытқышта салқындатып беруге мәжбүр
Семей зообағындағы аңдар үшін қауынды тоңазытқышта салқындатып беруге мәжбүр

Семей зообағындағы аңдар үшін қауынды тоңазытқышта салқындатып беруге мәжбүр

Аптап ыстықтан аңдар да қиналуда. Семейдегі зообақ қызметкерлері 40 градустық ыстыққа шыдамайтын мақұлықтардың күтімін күшейтті. Әсіресе қапырық ауа-райы аюлар үшін өте қауіпті. Сондықтан, мамандар майтабандарға тоңазытқышта мұздатылған қауынды сағат сайын турап беруге мәжбүр.

Виктория Волкова, Семей қалалық биологиялық орталықтың бөлім меңгерушісі:

- Мұндай ыстық күндері тордың ішіне уақытылы суық су сеуіп отыру қажет. Сондай-ақ, науасының да құрғап қалмауын қадағалаймыз. Әрине, аңдардың барлығы арнайы жасалған қораларына кіріп кететіні белгілі.

Күн ыстықта хайуанаттардың тамаққа тәбеттері жоқ екен. Тіпті, қапырыққа шыдамаған қасқырлар да еттен қайтып, жүдей бастаған. Сондықтан зообақ қызметкерлері аңдарды арам өлтіріп алмас үшін ыстықтың беті қайтқанша барын салуда. 40 градустық қапырық тек мақұлықтарға ғана емес адамдарға да қауіпті. Сондықтан жергілікті құтқарушылар  жұртқа сақ болуды ескертуде. Өйткені, тұрғындардың барлығы шаһар маңындағы өзен-көлдерді жағалап кеткен. Осыны ескерген төтеншеліктер суға ішімдік ішіп шомылуға болмайтынын айтуда. Десе де алдағы жексенбі күндері күн бұлттанып жаңбыр жауады деп күтілуде.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.