{metadescription}
Алматының әдемі жерасты өткелдері жұрттың сынына қалды
Алматының әдемі жерасты өткелдері жұрттың сынына қалды

Алматының әдемі жерасты өткелдері жұрттың сынына қалды

 

Алматыда жер асты жолдарын жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Бұрын сауда қызып жататын өткелдер енді демалыс орындарына айналып келеді. Олар жарықпен қамтамасыз етіліп, қабырғаларында көркем суреттер пайда болған. Бұдан былай өткелмен жүретіндер үшін жан сергітер әуендер де ойналмақ. Шенеуніктер құрылыстың сапасымен мақтанып отыр. Десе де, сыншылар «жылтырағанның бәрі алтын емес» дейді.

Алматының жер асты өткелдері күрделі жөндеуге көктемде жабылған болатын. Содан бері құрылыс қызу жүріп жатыр. Бұрын мұндай көпірдің көбінде жабайы сауда қызған болса, енді демалыс орнына айналуда. Шатыр, еденін айтпағанда, қабырғаларында суретшілердің көркем туындылары, тіпті, кейбірінде нақыл сөздер пайда болған. Бұдан былай, мұндай жерлерде жаяу жүргіншілер үшін классикалық әуендер ойналмақ. Тегін ғаламтор желісі іске қосылып, орындыққа дейін қойылады деп жоспарлануда.

- Дәл осылай қаладағы 56 өткелдің 48-і көркейтіліп жатыр. Оған бюджеттен жалпы сомасы 2 жарым миллиард теңгеден аса ақша бөлініпті. Құрылыс жүріп жатқан жер асты көпірінің 12-сі Бостандық ауданында орналасқан. Оларға жұмсалған ақша 474 миллион теңге. Бұл тек біреуінің жөндеуі 39 жарым миллион теңгеге түсті деген сөз.

Ал бұзақы мен қаңғыбас атаулының жер асты өткелдеріне үйір екені бұрыннан белгілі. Олар ескі әдетке басып, миллиондарға жаңартылған нысандарды талқандап, қала берді дәрет сындырып кетеді ме деген күдік бар. Атқамінерлер болса, бейнебақылау камераларына сеніп отыр.

Серік Әділбаев, Бостандық ауданы әкімінің орынбасары:

- Біздің осы 12 жер асты өткелдерінде 80-нен астам бейнекамера орнатылып, ол өзіміздің Бостандық ауданының ІІБ-ның жедел басқару орталығына тікелей қосылатын болады. Графикалық суреттерді бұзақылардың сызып кетпеуі үшін, бұзып кетпеуі үшін антивандальный жаңағы «антиграффити» деген лак бар. Арналған. Сол лакпен бетін бояп, дайындаймыз.

Шенеуніктер осылайша құрылыс материалдарының мақтауын асырды. Ал өткелдерді өз көзімен көрген сыншылардың пікірі бұған қарама-қайшы. Жер асты жолдарының көп ұзамай тоз-тозы шығады дейді олар. Өйткені жөндеу жұмыстарының сапасы жұмсалған ақшаға мүлдем сай келмейтін көрінеді.

Елизавета Малиновская, Қазақстан сыншылары қауымдастығының президенті:

- Ақша желге ұшқан дер едім. Жер асты өткеліне көркем сурет салу дұрыс емес. Ол жерде адам көп жүреді. Жаңбыр жауса, су да кіреді. Сөйтіп, әдемі қабырғалар аз уақыттың ішінде қайта бүлінеді. Мұның бәрі алдын-ала ойластырылмаған. Азын жөндесе де, жылдар бойы тұратындай етіп жасау керек еді.

Ал жөндеу тамыздың аяғына дейін толығымен бітуі тиіс. Осы уақыт бойы жолды көрінген жерден кесіп өтуге мәжбүр болған жаяу жүргіншілер құрылыс сапасына өздері көз жеткізе алады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.